Басты бетБЫЛАЙША АЙТҚАНДАЕЛ ІШІЖАҢАЛЫҚТАРЗАҢ СӨЙЛЕСІНҚОҒАМСАЯСАТҮЛКЕН СҰРАҚХАЛЫҚТАН ХАТ

 Отыз жылдан кейін Отанына оралмақ

 ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ  

Отыз жылдан кейін Отанына оралмақ. Осынша уақыт жеке бас құжатынсыз Жамбыл жерінде тұрып келген Татьяна Волченко енді Киевке кететіне қуанышты. Шырылдаған ана Шығыс Еуропада қалған 4 баласын бауырына басу арманға айналды дейді.

Украинадан тоқырау жылдарында Таразға келген кейуананың кері кете алмауына құжаттарының ұрлануы себеп болады. Осы мәселемен туған елінің миграция қызметі мен елшілігіне қаншама рет хат жолдайды. Алайда алыста қалған ананың хатына Киевтен ешқандай жауап келмейді. Амалы таусылған Татьяна Таразда Полиция департаментінің жанынан ашылған Азаматтарды қабылдау бөлімшесіне барады.

“Несін жасырайын туған еліме жете алмай жылаумен жылдар өткіздім. Украина билігінен ешқандай жауап келмеді. Жоғалған туыстарыңды тауып беретін түрлі бағдарламаларға да хабарластым. Жергілікті билік өкілдері де біресе анда бар, мұнда бар деп сандалтты. Содан полиция жанынан халыққа көмек көрсетететін орталық ашылды дегенді естіп келіп едім. Бүгін міне екі аптада қолыма төлқұжатымды алып қатты қуанып отырмын” – деді Украина елінің азаматы атанып, көзіне жас алған Татьяна Волченко.

Тұрғындарға мәселені шешудің заңды әрі тиімді жолын түсіндіретін бөлімше Таразда тек біреу ғана болатын. Бүгін полиция департаментінің бастығы тағы 3 орталықтың есігін айқара ашты. Одан бөлек аймақтағы он ауданда да ашылған. Бұл алдымен халықпен жақын болуды жүктеген жолдаудағы тапсырмалар легінің бірі деді, бас полицей.

Арман Оразалиев , Жамбыл облыстық полиция департаментінің  бастығы:

Бүгінге дейін халықты қабылдау бөлмелеріне 5 мыңнан астам адам жүгінген. Әр қабылдауда болған азаматтар өз сұрақтарына полиция қызметркерлерінен дер кезінде жауаптарын алып отыр. Бұл полицияның сервистік жұмыс моделіне көшу бойынша кезекті қадам деп айтуға болады.
 Jambylmedia.kz

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close