Трамп Обаманы алаяқтық жасады деп айыптады
Дональд Трамптың аты шықпаған жерде “жер өртенбейді” ғой. Ол АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы алаяқ деді. Айтуынша, Барак сұлтанды 2016 жылғы президент сайлауының нәтижелерін бұрмалау мақсатында алаяқтық жасады деп айыптады және оны сотқа тарту туралы бастаманы қолдады.

Interfax жазғандай, Трамп Fox News арнасындағы журналист Харрисон Филдстың Обаманың сайлау нәтижелерін бұрмалауға қатысты әрекеттерін әшкерелеген эфирін мақтап, сондай-ақ АҚШ Ұлттық барлау басқармасының басшысы Тулси Габбардтың жұмысын оң бағалады.
- Fox News арнасындағы жас әрі дарынды Харрисон Филдс керемет жұмыс атқарды. Сарапшылар тобы Обама мен енді ғана сайлау алаяқтығында әшкереленген “баскесерлерді” сотқа тарту бастамасын ұсынды – бұл тамаша, – деп жазды Трамп.
Сіздің реакцияңыз қандай?






