Жамбыл облысы – жол бойындағы сервис бойынша көшбасшы!
Жамбыл облысының аумағынан өтетін Алматы–Ташкент–Термез халықаралық трассасының бойында қазіргі таңда 19 санитарлық-гигиеналық торап (СГТ) жұмыс істейді.
Республика бойынша рейтингте біздің облыс 1 орынды иеленіп отыр!
Бұл – туристер мен жолаушыларға жайлы жағдай жасау бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесі.
2025 жылдың І тоқсанында өңірге 44 089 турист келді.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 108% өсім.
Оның ішінде:
43 097 ішкі турист (+107%)
992 шетелдік турист (+182%)
Туристер легінің артуы Жамбыл облысының тарихи-мәдени мұралары мен табиғи сұлулығына деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.
Туристерге жол ашық!
Өңірге келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында биыл 3 туристік нысанға апаратын жаңа автомобиль жолдарының құрылысы жүргізілді:
- Жамбыл ауданындағы «Таскөл» демалыс орталығы;
- Жуалы ауданындағы «Koksai resort» демалыс аймағы;
- Жамбыл және Байзақ аудандары аумағындағы «Almaly resort» сауықтыру кешені.
Жаңа жолдар туристердің жолын жеңілдетіп, аймақтың туристік әлеуетін арттыра түседі.
Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?