Қарахан кесенесінің аумағы тазартылды

Қарахан кесенесінің аумағы тазартылды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Тараздағы тарихи нысанның бірі – Қарахан кесенесі аумағы толықтай қоқыстан тазартылды.

Акцияға 100-ден астам жастар ұйымының өкілдері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты. Нәтижесінде тарихи кешен аумағынан 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Тараз жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Лесбек мұндай бастамалардың жастар тәрбиесіндегі және қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

– Тазалық түптеп келгенде өзімізден басталады. Мұндай игі шаралардың басы-қасында жастар жүруі тиіс. Бүгін қала тұрғындары мен туристер көп келетін Қарахан кесенесі аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тазалықты сақтау мен қоғамдық тәртіпті ұстану – отансүйгіштік пен жауапкершіліктің, табиғатқа деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Қаламыздың тазалығы үшін әрбір тұрғын жауапты. Сондықтан барша азаматтарды тазалықты сақтауға шақырамын, – деді Азамат Лесбек.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін өңірде 48,5 мың жасыл желек отырғызылып, 2,6 мың шақырым көше жолдары тазартылды. Сондай-ақ 810 шақырым арық жүйелері мен каналдар ретке келтіріліп, 615,5 мың шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумағы абаттандырылды. Нәтижесінде 6 мың тоннадан астам күл-қоқыс шығарылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow