Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Талас ауданының 2025 жылғы әлеуметтік –экономикалық дамуының аралық қорытындыларында өткен жылға қарағанда өсім бар. 

Облыс орталығына келіп брифинг берген Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, тұрғынүй, инвестиция, шағын және орта бизнес, инфрақұрылымдық құрылыс сынды салалардағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.

 

Таласта жыл басындағы жағдай қалай еді?

2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң нәтижелермен қалыптасып отыр. Бірнеше бағыт бойынша айтарлықтай өсім тіркеліп, аудан өміріндегі бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда.

Өнеркәсіп: тұрақты даму бар

Аталған мерзім ішінде аудан өнеркәсібінде 12,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,6%-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (11,8 млрд теңге) айтарлықтай жоғары.

• Өңдеу өнеркәсібі – 8,5 млрд теңге (111,2%);

• Кен өндіру және карьерлерді қазу – 3,1 млрд теңге (88,1%);

• Электрмен, жылумен қамту және ауа баптау – 1,3 млрд теңге (114,6%);

• Сумен жабдықтау мен кәріз жүйесі – 70,2 млн теңге (65,4%).

Инвестиция көлемі күрт артты

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11,3 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 234,9%-ды көрсетті. Бұл – өткен жылғы 4,7 млрд теңгемен салыстырғанда екі еседен астам өсім.

• Инвестициялардың 85%-ы жеке сектордан түссе (9,6 млрд теңге),

• Қалған 15%-ы (1,7 млрд теңге) бюджет есебінен игерілген.

Сауда айналымында аздаған төмендеу

Аудан бойынша бөлшек сауда көлемі 1,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 90,7%-ды көрсетті. Бұл көрсеткіштің төмендеуіне Қаратау қаласындағы "Технодом", "Сулпак" сынды ірі сауда орындарындағы тұрмыстық техникаларға деген сұраныстың азаюы себеп болып отыр.

Құрылыс қарқыны қуантады

Құрылыс саласында ауқымды жобалар іске асырылып, 2,6 млрд теңгенің жұмыстары орындалды (233,4%).

Негізгі жобалар:

• 3 елді мекен мен «Флора» саяжайындағы ауыз су жүйесін аяқтау;

• Бостандық ауылындағы спорт кешенінің құрылысы;

• Қаратау қаласындағы қонақ үйді әкімшілік нысанға бейімдеу;

• Орталық жылыту қазандығы мен жылу жүйесін жаңғырту;

• Ауылдық елді мекендерді газдандыру (1,26 млрд теңге);

• Қала мен ауыл көшелерін орташа жөндеу (1,77 млрд теңге).

Тұрғын үй құрылысы өсуде

Жеке сектор есебінен 7051 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 133,5%-ға артық. Құрылыс негізінен Қаратау қаласы мен ауылдық елді мекендерде жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы – тұрақты бағыт

Ауыл шаруашылығы саласында да оң серпін байқалды. Жалпы өндірілген өнім көлемі 4,0 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102%-ды құрады. Негізгі үлес – мал шаруашылығына тиесілі (4,0 млрд теңге).

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алыңанда Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков хабарлады.

 

Қаңтарда қазанға дейінгі аралық

 

Ал бұған дейін де бифинг бергенде  Нұрбол Жүнісбеков қандай сандарды сөйлетіп еді? Бұрынғы мен бүгінгі сандарды салыстырып көрелік. Ол Талас ауданының 2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы былай баяндаған еді. Сан саланың сандық көрсеткіштерін біз де түртіп алған едік. Төменге түсіңіз.

 

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

Өнеркәсіп өнімі – 32,5 млрд тг (НКИ 97,9%).

Инвестициялар – 31,8 млрд тг (НКИ 177,9%).

Бөлшек сауда – 4,7 млрд тг (НКИ 111,3%).

Құрылыс жұмыстары – 12,1 млрд тг (НКИ 140%).

Пайдалануға берілген тұрғын үй – 22 155 шаршы м (101,9%).

Ауыл шаруашылығы өнімі – 18,4 млрд тг (НКИ 101,3%).

Инвестициялық жобалар

2023–2025 жж. – 4 жоба / 31,2 млрд тг / 450 жұмыс орны

67 адам жұмыспен қамтылды.

Talas Investment Company – 25,8 млрд тг, 2026 жыл (300 жұмыс орны).

Karatau Chemicals – 2,88 млрд тг (55 адам).

Asia NST – 476,8 млн тг (12 адам).

Жамбыл Недр – 2 млрд тг (90 жұмыс орны).

2026–2028 жж. – 8 жоба / 204,5 млрд тг / 660 жұмыс орны

Темір, магний, химия өнеркәсібі, тұз, бикарбонат, магний қорытпасы, т.б.

Шағын және орта бизнес

Тіркелгені – 3811 субъект.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында – 64 жоба / 2,4 млрд тг.

Ауыл шаруашылығы

Мал басы – 443 313 бас (өсім 101,4%).

Ет-сүт өнімі – 14 587 тонна.

Тыңайтқыш – 1516 тонна (жоспар 100%).

Егіс жұмыстары

Егіс көлемі – 12 554 га.

Өнім – 26 280 тонна.

Қызылша – 5250 тонна, 4500 т зауытқа өткізілді.

14 канал бойынша 32,5 млрд тг құжаттамасы дайын.

Техника жаңарту

Жоспар – 53 бірлік, орындалғаны – 37 бірлік.

Суару жүйесі

Тамшылатып, жаңбырлатып – 390 га.

Лазерлі тегістеу – 129 га.

Құрылыс саласы 

Қонақ үйді әкімшілік нысанға жаңғырту – 300 млн тг, 2026 жылға өтпелі.

185 пәтерлік 3 үй сатып алынды.

Тұрғын үй кезегінде – 1248 адам.

Газ және жылу

Газдандыру – 73,9%, 2027 жылы 100%.

Майтөбе, Қожағаппар – 1,4 млрд тг, жұмыстар жүріп жатыр.

Қасқабұлақ, Есейхан, Қараой – 898 млн тг, 2026 жылға өтпелі.

Жылу жүйелері – 225,5 млн тг, толық аяқталды.

«Ауыл – Ел бесігі»

12 көшеге жөндеу – 218,4 млн тг.

Ойық және Үшарал мәдениет үйлері – 252 млн тг (2026 жылға өтпелі).

Бостандық спорт кешені – пайдалануға берілді.

13 көше жарықтандырылуда – 97,6 млн тг.

 Ауыз су

Қамтылу деңгейі – 87%.

2025 жылы: Қожағаппар, Сейлбек, Қараой – толық пайдалануға берілді.

Арал, Қайыр – модульдік блоктар орнатылуда.

Флора саяжайы – 309 млн тг (жұмыс уақытша тоқтатылған).

Автожолдар

Қала мен ауылдардағы көшелерге – 818,9 млн тг.

Қаратау қаласының 10 көшесі толық жөнделді.

5 ауылда 13 көше жөнделді.

Панфилов көшесі – толық аяқталды.

Әлеуметтік сала

Жұмыспен қамтылғандар – 3392 адам (94,6%).

Әлеуметтік көмек – 158,1 млн тг.

 «Дипломмен ауылға»

44 маманға көтерме жәрдемақы – 17,3 млн тг.

10 маманға тұрғын үй несиесі – 78,6 млн тг.

2025 жылдың қаңтар–қазан айларында Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты өсіммен жалғасты. Инвестициялар көлемі айтарлықтай артты, ірі жобалар іске асуда, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Инженерлік инфрақұрылым жаңғырып, тұрғындардың газ, су, жол және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігі жақсарды. Алдағы кезеңде де экономиканы әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.  

 

 

Таласта жаңа спорттық нысан бой көтерді

 

Жуырда Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапарын жасады.  Бостандық ауылында бой көтерген денешынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.1 700-ден астам тұрғыны бар Бостандық ауылдық округі үшін бұл – маңызды әлеуметтік нысан. Заманауи спорт кешені ауыл жастары мен тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Мұнда қазақша күрес, бокс, кикбоксинг, волейбол және баскетбол сияқты спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған.

Құрылыс жұмыстарын «Әль-Мансұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Жобаның жалпы құны – 562,7 млн. теңге.

Жаңа кешенде 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Олардың қатарында спорт нұсқаушылары, медицина қызметкері және өзге де қызметкерлер бар.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысы халқының 41,9 пайызы, яғни 511 мыңнан астам адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Биыл өңірде 21 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның 18-і бюджет қаражаты есебінен, ал үшеуі демеушілердің қолдауымен салынуда. Бүгінге дейін Мойынқұм және Қордай аудандарында 2 спорт кешені пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 8 нысан іске қосылып, қалған 11-і келесі жылы қолданысқа берілмек.

 

Жамбыл облысының өнеркәсіптегі өсімі

 

Жамбыл облысы өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі бойынша республика өңірлері арасында көш басында.

Жақында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен кеңейтілген әкімдік мәжілісі өткен еді. Басқосуда өңірдің 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ орындаушылық тәртіп мәселесі қаралды.

Өңірдің жалпы экономикалық өсімі 10,2 пайызды құрады.

 Өнеркәсіп саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді – облыс кәсіпорындары 967,8 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өсім 18,3 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республика өңірлері арасында бірінші орынға ие болды.

363 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.

Инвестиция тарту саласында да айтарлықтай ілгерілеу бар. Негізгі капиталға 491 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,1 пайызға артық. Нәтижесінде Жамбыл облысы инвестиция тарту көрсеткіші бойынша республикада екінші орынға шықты.

Құрылыс саласында 254,9 млрд теңгенің жұмыстары атқарылып, өсім 16,5 пайызды көрсетті. Сонымен қатар 522,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

– Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар жұмысының негізгі бағыттарын айқындап берді. Қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануымыз қажет. Негізгі мақсат – азаматтардың әл-ауқатын арттырып, белгіленген жоспарларды сапалы орындау, – деді облыс әкімі.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow