“Айканың тізімі“: Адамдар аты-жөнін таратқан кім?
Қазақстанда екі жыл бұрын елді елең еткізген "Айканың тізімі" желіге жарияланды. 2023 жылы ашық ақпараттық кеңістікке таралған тізімді кім жариялағаны және оның таралуына кім жауапты екені ұзақ уақыт бойы белгісіз болды.
Тізімді таратқан кімдер?
Тізімнің таралу дерегі бойынша Астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі соталды тергеу жүргізгенін хабарлады.
Тергеуде анықталғандай ұзын-сонар тізімді Көліктегі полиция департаменті қызметкерлері таратқаны анықталды.
"Көліктегі полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің материалдарын жария ету дерегі бойынша, яғни WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде азаматтардың анкеталық деректерінің таралуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, бірақ қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды", – делінген Ішкі Істер Министрлігінің хабарамасында.
Жемқорлықпен күресетін орган көліктегі полицейлердің әрекеттерінен құқыққа қайшы деректерін таппаған.
Аты шулы Айка неге бостандыққа жіберді?
Биыл 25 қарашада "элиталық эскорт" желісінің басында болған "іс жүргізуші" Айкаға, 2024 жылы 6,5 жылға сотталғанына қарамастан, жазасын өтеуді 2 жылға кейінге қалдыру туралы шешім шықты.
Бірақ ол пробациялық бақылауда болады, содан кейін қайтадан колонияға оралады.
Кейіне қалуына сотталған әйелдің кішкентай баласының болуы себеп болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?