Радикалды көзқарастарға қарсы иммунитет қалыптастыру

Радикалды көзқарастарға қарсы иммунитет қалыптастыру

Сотталған азаматтардың оң дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған шара өтті. Шымкент қаласындағы «Ақниет» ақпараттық - насихаттау оңалту орталығы қоғамдық қорының дінтанушысы, теолог Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлының қатысуымен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №59 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар арасында маңызды ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – радикалды көзқарастарға қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ радикалды идеологиялардың зиянын түсіндіру арқылы олардан саналы түрде бас тартуға бағыт беру болды. Кездесу барысында қатысушылармен ашық диалог орнатылып, теріс ағымдардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін кері әсері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру және қарсы үгіт-насихаттық топтық сұхбат аясында қатысушыларға дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамға бейімделудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралар сотталған азаматтардың дүниетанымын оң бағытқа өзгертіп, олардың қайта әлеуметтенуіне және қоғамға бейбіт әрі саналы түрде оралуына ықпал ететіні сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow