Қазақстандағы ең жоғары жалақылар қай салада?

Қазақстандағы ең жоғары жалақылар қай салада?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең жоғары жалақы мен ең сұранысқа ие мамандықтарды жариялады, - деп хабарлайды jambylmedia.kz тілшісі.

Enbek.kz мәліметтері бойынша, жұмыс берушілер қарашада мына лауазымдар бойынша ең жоғары жалақы ұсынған:

  • бас құрылысшыларға (640 мың теңгеден бастап),
  • өндірістік учаске бастықтарына (595 мың теңгеден бастап)
  • авиациялық диспетчерлерге (568 мың теңгеден жоғары).
    "Ал ең жоғары жалақы күту деңгейі пилоттарда (орташа 1,9 миллион теңге), коммерциялық ұйымдардағы IT-бөлім басшыларында және бас геологтарда (шамамен 1,2 миллион теңге) байқалды", - делінген хабарламада.

Сонымен жалақысы ең жоғары мамандар қатарында:

  • Ұшқыштар: орташа 1,9 млн теңге;
  • Коммерциялық компаниядағы IT бөлімінің жетекшісі: шамамен 1,2 млн теңге;
  • Бас геолог: шамамен 1,2 млн теңге.

Қараша айында ең көп сұранысқа ие мамандықтар:

  • Медбике/мейіргер - 1900 бос орын;
  • Санитар - 1800;
  • Тәрбиеші - 1500;
  • Жүргізуші - 1500 бос орын.

    Сіздің реакцияңыз қандай?

    like

    dislike

    love

    funny

    angry

    sad

    wow