Таразда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын зауыттар салынады

Тараздағы қалалық “Жастар ресурстық орталығы” жыл басынан бері 200-ден астам тазалық акциясын өткізді. Қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы шара қала құрамына қосылған жаңа аудандар да жалғаспақ. 

Таразда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын зауыттар салынады

Осы орайда эко белсенділермен кездесу өтті. Табиғат жанашырлары жастарды экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды. “Байтақ” партиясының мүшелері еліміздегі экологиялық саясат табиғатты қорғау бағытында жолға қойылғанын атап өтті.

Жалпы бүгінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау өте маңызды. Бұл бағытта Таразда 3 зауыт салынбақ. Өйткені жыл сайын қаладан 20 мың тонна тұрмыстық қалдық шығады. Ал полигонда 2,5 млн тонна қоқыс жатыр. 

 

Қазақстанда қоқыс полигондары жетіспейді

 

Биылғы жылдың маусым айында өткен Үкімет отырысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы қалдықтарды орналастыру полигондарының көпшілігі толып кеткенін, әрі оларды рекультивациялау қажет екенін айтты.

 

Министрдің сөзінше, былтырғы жылдың (2024) қорытындысы бойынша елде 2 973 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны тіркелген, оның ішінде тек 608 полигонның тиісті жобалық және рұқсат құжаттары бар, бұл жалпы санының 20,4%-ын ғана құрайды.

 

"Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының облыс орталықтарындағы полигондар 90%-дан астам толған, Астанада – 98%, ал Жезқазғанда – мүлде лық толы", – деді Ерлан Нысанбаев.

 

Ал Үкімет осыдан екі жыл бұрын 100 жаңа полигон салу, 8 қолданыстағы полигонның қуаттылығын арттыру және 5 полигонды тегістеу, бітеу жұмыстары (рекультивациялау) бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow