Құқық қорғаушылар №59 түзету мекемесіне барды
Азаматтық қоғам өкілдері, адам құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар Акылбекова Роза Максатбековна, Қазақстандағы Азаптауға қарсы НПО коалициясының үйлестірушісі, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі, және Халидов Дмитрий Русланович, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті орган жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі және Жамбыл облысы бойынша Ұлттық превентивті механизм (НПМ) жетекшісі, Жамбыл облысы ҚАЖ департаментіне қарасты №59 түзету мекемесіне жұмыс сапарымен барды.
Сапардың мақсаты - қамауда отырғандардың жағдайын тексеру, олардың құқықтарының сақталуын бақылау және гуманитарлық стандарттардың орындалуын бағалау.
Жұмыс сапары барысында мекеме әкімшілігімен кездесулер өтті. Жұмыс тобы камералар мен басқа да мекеме аумақтарын аралап көрді. Ең басты назар қамаудағы адамдардың құқықтары, халықаралық стандарттардың сақталуы. Сондықтан жұмыс сапарымен келгендер қылмыс, қатыгездік пен адам абыройын қорлайтын әрекеттердің алдын алу мәселелеріне назар аударды.
Сіздің реакцияңыз қандай?