Заң мен Тәртіп: Әскери қызметшілер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу

Заң мен Тәртіп: Әскери қызметшілер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу

Жамбыл облысы бойынша №59 мекемесінде «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында профилактикалық іс-шара өткізілді

2026 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты «01731 әскери бөлімінің» қызметкерлеріне арналған «Заң мен Тәртіп» қағидатының талаптарын орындау мақсатында, әскери қызметшілер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара аясында Жамбыл облысы бойынша №59 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандардың тыныс-тіршілігімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара мекеменің режим бөлімінің қызметкерлерімен ұйымдастырылып, мекеме бастығы, әділет полковнигі Р.Г. Уразметовтің және мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Т.Е. Молдатаевтың басшылығымен өткізілді.

Шара барысында «01731 әскери бөлімінің» қызметкерлері бас бостандығынан айырылған сотталғандардың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, жаза өтеу режимімен танысты. Сонымен қатар мекеменің ішкі аумағын аралап, клуб ғимаратында РММ «№59 мекеме» туралы бейнеролик тамашалады.

Профилактикалық іс-шараға «01731 әскери бөлімінен» барлығы 27 қызметкер қатысты.

Өткізілген шараның негізгі мақсаты – әскери қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын қатаң сақтау және тәртіпті нығайту болып табылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow