Сенбілік – тазалық пен бірліктің белгісі
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің ұжымы әр сенбіні игі дәстүрге айналдырып, сенбілік жұмыстарын тұрақты түрде өткізуде. Бұл жолы мекеме қызметкерлері аумақты абаттандыруға ерекше көңіл бөліп, шырша көшеттерін отырғызды.
Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған шара барысында ұжым мүшелері белсенділік танытып, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Егілген жас шыбықтар алдағы уақытта тамырын тереңге жайып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қосады.
Мұндай сенбіліктер тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ортақ іске деген жауапкершілікті арттыра түседі. №59 мекемесінің қызметкерлері алдағы уақытта да осы игі бастаманы жалғастырып, туған жердің көркеюіне үлес қоса бермек.
Сіздің реакцияңыз қандай?