Сотталғандарға химиялық кастрация қолдану ережесі өзгереді

Шектеу шарасы балаларды қорғау және қайталап жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында іске асады.

Сотталғандарға химиялық кастрация қолдану ережесі өзгереді

Енді елімізде сотталғандарға химиялық кастрация қолдану ережесіне өзгерістер енгізілмек, - деп хабарлайды jambylmedia.kz

Денсаулық сақтау министрлігі түзеу мекемесіндегі сотталғандардың жазасын өтеп шығар алдында химиялық кастрациядан өту тәртібін өзгертпек.

Жаңа бұйрық жобасына сәйкес, сексуал сипаттағы қылмыс жасаған сотталғандарға химиялық кастрация бостандыққа шығардан алты ай бұрын тағайындалады.

Бұл ретте сотталған адамның психикалық ауытқулары мен сексуал зорлыққа бейімділігін анықтау үшін босатылуына он екі ай қалғанда сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы материалдар сотқа жіберілуге тиіс.

Бұйрық жобасы нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды және 2025 жылғы 18 тамызға дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.

Еске салайық, Қазақстанда педофилдерге қолданылатын 8 жылдық әкімшілік бақылаудың орнына өмір бойғы бақылау енгізу ұсынылған. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, рецидив қаупі болса, бұл бақылау әр алты ай сайын сот шешімімен ұзартылып отырады.

Мұндай бақылау аясында келесі шектеулер қарастырылған:

  • мектептер мен балалар мекемелеріне баруға тыйым;
  • түнгі уақытта үйден шығуға шектеу;
  • басқа да шектеулер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow