Тимбилдинг командалық рухты нығайтады
Тимбилдинг арқылы командалық рух нығайтылуда
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінің психологтары мекемемен тығыз байланыста жұмыс атқаратын Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесу өткізді.
Іс-шара тимбилдинг форматында ұйымдастырылып, оның негізгі мақсаты – әскери қызметшілер арасында командалық рухты нығайту, өзара сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру және психологиялық тұрақтылықты арттыру болды. Кездесу барысында қатысушыларға түрлі психологиялық тренингтер мен командалық ойындар ұсынылып, олардың бір-бірімен еркін әрі тиімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалды.
Психологтар сарбаздарға ұжымда бірлесе әрекет етудің маңыздылығын түсіндіріп, тимбилдинг элементтері арқылы сенім, қолдау және өзара түсіністіктің кез келген қызметте табысқа жетудің негізгі кепілі екенін атап өтті. Тренингтер барысында қатысушылар бір-біріне сенім арту, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және топпен үйлесімді жұмыс істеу дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтады.
Шара соңында сарбаздар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай тимбилдинг кездесулердің олардың кәсіби қызметіне оң ықпал ететінін жеткізді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?