Жамбылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы қалай?
Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеевтің Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңірдің әлеуеті жайлы сөйлеп, ел алдында есеп берді. Аймақ басшысының брифингтегі баяндамасынан:
Өңір экономиканың негізгі бағыттары бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді.
1. Әлеуметтік-экономикалық даму
Облыстың жалпы өңірлік өнімі 7,9%-ға өсті (3150,4 млрд. теңге, 2025 ж. 1 жартыжылдығы).
Ағымдағы жылдың 10 айында қысқамерзімді экономикалық өсім 109,8% деңгейінде қалыптасып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 17%-ға, ауыл шаруашылығы - 3,1%-ға, құрылыс жұмыстары - 18,8%-ға, тұрғын үй - 1,7%-ға, сауда - 0,5%-ға, көлік - 2,9%-ға, байланыс - 9,4%-ға, негізгі капиталға инвестиция - 38,3%-ға артты.
2. Өнеркәсіп
Жыл басынан бері 1,1 трлн. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп (929 кәсіпорында (17 ірі, 25 орта, 884 шағын) 39,7 мың жұмыс орны), өсім 17%-ды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқынымен облыс республика бойынша 3 орында, ал өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынымен 5 орында (өсім 12%-ға).
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің шамамен 63%-ы өңдеу секторына тиесілі, ондағы кәсіпорындармен республика бойынша 100% натрий триполифосфаты, натрий цианиді, аммофос, сары фосфор және 40% қант өндіріледі.
Жыл басынан салаға 203,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып (өсім 2,1 есе), өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорты 1,5 есеге (270,4 млн. АҚШ долл.) ұлғайды, бұл республика бойынша 1 орын.
3. Экономиканы индустрияландыру
Жыл басынан облыс экономикасына 553,6 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 82%-ы жеке меншік қаражат. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке инвестициялар үлесі бойынша облыс көшбасшы 5-тік қатарында.
Өңірге тартылған инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада 3-ші орында (1,4 есе).
Облыста іске асырылуы 2029 жылға дейін қарастырылған 8,3 мың жұмыс орнын құруды көздейтін жалпы құны 4,1 трлн теңге құрайтын 62 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды, оның 12-сі шетелдік инвесторлардың қатысуымен (2,6 трлн тг).
Үстіміздегі жылдың соңына дейін 161 млрд теңгеге 1,1 мың жұмыс орны құрылатын 26 инвестициялық жоба іске асырылады.
Анықтама: 2025 жылғы 10 айда 21 млрд.теңгеге 10 жоба іске асырылып, 282 жұмыс орны құрылды.
4. Іске асырылудағы ірі жобалар
Іске асырылып жатқан ірі жобаларға тоқталып өтсем:
SHENGTAI BIOTECH CO. LTD «Fufeng Group» қуаттылығы жылына 3 млн.тоннаға дейін жүгеріні тереңдетіп өңдейтін еліміз үшін бірегей жоба (құны - 800 млрд теңге, 1,5 мың жұмыс орны);
YONGGANG IRON AND STEEL GROUP CO., LTD «Fujian Hengwang Investment» жылына 3 млн тоннаға дейін прокат металл бұйымдарын өндіру бойынша металлургиялық зауыт (профильді жолақ және арнайы болат, сым), (құны - 674 млрд теңге, 2,5 мың жұмыс орны);
ЕВРОХИМ УДОБРЕНИЯ жыл соңына дейін жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін өндірістің бірінші кезеңін іске қосу жоспарлануда. 2026 жылы - жылына 1 млн тонна күрделі тыңайтқыштар шығаратын зауыт іске қосылады (құны - 536 млрд.теңге, 800 жұмыс орны);
«ZHONGKAI KAZAKHSTAN INTERNATIONAL SUGAR INDUSTRY COMPANY» қуаттылығы жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеп, 130 мың тонна қант, 72 мың тонна қызылша ұны мен 54 мың тонна меласса шығаратын заманауи қант зауытының құрылысы басталды (құны - 108 млрд тг, 350 жұмыс орны);
QAZAQ SODA жылына 1 млн.тонна кальцилендірілген сода өндірісі (құны - 200 млрд.теңге, 300 жұмыс орны);
ШОКПАР-ГАГАРИНСКОЕ Қордай ауданындағы Гагаринское кен орнында жылына 500 мың тонна құрамында алтын бар кен өндіретін тау-кен байыту комбинатының құрылысы (құны - 47 млрд теңге, 400 жұмыс орны);
ALTYNALMAS REAGENTS жылына 25 мың тонна натрий цианиді өндірісі (құны – 68 млрд теңге, 100 жұмыс орны);
KAZAKHSTAN HYDROGEN PEROXIDE жылына 30 мың тонна сутек пероксиді өндірісі (құны – 30 млрд тг, 100 жұмыс орны);
TOTAL EREN энергия сақтау жүйесі бар қуаттылығы 1 гигаватт жел электр станциясының құрылысы (құны – 620 млрд. теңге, 200 жұмыс орны);
MASDAR 300 мВт энергия сақтау жүйесі бар қуаттылығы 1 гигаватт жел электр станциясының құрылысы (құны – 728 млрд. теңге, 100 жұмыс орны);
Осы ірі инвестициялық жобаларды ғана іске асырудың есебінен облыс экономикасына 3,8 трлн тенге көлемінде инвестиция тартылады.
5. «Jibek Joly» АЭА және «Тараз» ИА
Жоғарыда аталған жобалардың басым бөлігі «Jibek Joly» арнайы экономикалық аумағында және «Тараз» индустриялық аймағында орналасқан.
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аумағының жалпы ауданы 905 га. Оның аумағын 1,2 мың гектарға дейін кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
Мұнда жалпы құны 1,6 трлн теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, онда 5,2 мың жұмыс орны құрылады. Оның 8-і бойынша 975,7 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары басталды. Қалған жобалар жобалау сатысында.
Анықтама: 29,2 млрд.теңгеге 6 жоба іске асрылды - «ХИМ-плюс» ЖШС - глифосат (гербицид) өндірісі, «КПМ Пласт» ЖШС - ПЭ 100 (ПНД) полиэтиленінен құбырлар мен шлангтар өндіру, «С9 Technologies» ЖШС - рулондар, этикет-ленталар (термоэтикеткалар) және чек ленталары үшін пластмасса втулкаларын өндірісі, «Chemical Engineering» ЖШС - аммоний бифторидін өндірісі, «ЭкоБәйшешек» ЖШС - өндірістік үй-жайларды салу, «КазТрубЗаводСН» ЖШС - НПВХ құбырларын өндіру.
«Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1300 жұмыс орны құрылатын 113 млрд.теңгеге 23 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның 11,3 млрд.теңгеге 9 жобасы пайдалануға беріліп, 200 жұмыс орны ашылды.
Анықтама: «Karatau Chemicals» ЖШС - натрий пиросульфиті өндірісі, «JetiBulaq» ЖШС - асфальт-бетон эмульсиясы өндірісі, «АсқарТау НС» ЖШС - асфальт-бетон қоспасы, битум эмульсиясы және қиыршық тас өндірісі, «KazGeoEnergy» ЖШС - әк өндірісі, «ТаразЦементСтрой» ЖШС, «I CONS» ЖШС - өндірістік ғимараттар, «Dala Glass» ЖШС - шындалған шыны өндірісі, «Dn group» ЖШС - есік және фиброцемент тақталары өндірісі.
6. Шағын және орта бизнес
Бизнесті дамытуға облыстың қаржы институттарымен (екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары) 32,5 мың кәсіпкерге 289,8 млрд. теңге несие берілді.
Берілген несиелердің ішінен мемлекеттік бағдарламалар аясында 52,1 млрд. теңгеге 1218 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъктілерімен шығарылған өнім көлемі 18,1%-ға артты, бұл 765,5 млрд.теңге. (а. ж. қаңтар-маусым).
Ағымдағы жылдың 1 қарашасына жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 109,1 мың бірлікті, онда жұмыспен қамтылғандар саны – 165,4 мың адамды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 348,2 млрд. теңгені, ЖӨӨ-дегі үлесі – 22,5% құрады (а. ж. қаңтар-маусым).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен шағын және орта бизнесті дамыту үшін жалпы ауданы 40 мың шаршы метр өндірістік жайлары бар шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылып, онда 1,7 млрд теңгеге 3 жоба жүзеге асырылды («KATN Technology» ЖШС – шыңдалған шыны өндірісі (Dala Glass), «Nur Prestige» ЖШС – фиброцементті тақталар (DN Group), «Daulet Holding» ЖШС – есік өндірісі (DN Group)).
7. Ауыл шаруашылығын дамыту
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 458,5 млрд. теңгені құрады (өсім 3,1%-ға).
(Анықтама: 29,1 млрд. теңге субсидия игерілді)
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 640 мың гектарға жетті (2024 ж. – 626,7 мың га).
Өңірде 3,3 млн. тонна өнім жиналды, оның ішінде 283 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 31,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,3 млн.тонна көкөніс дақылдары, 207 мың тонна картоп, 389 мың тонна бақша дақылдары.
Қант қызылшасы алқабының 88,1%-ы жиналып, 207 мың тонна өнім алынды (орташа өнімділік 483 ц/га).
Қант қызылшасын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 6,9 млрд. теңге бөлініп, жыл соңына дейін республикалық бюджеттен 5,3 млрд. теңге күтілуде.
762 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы (348 өздігінен жүретін, 414 аспалы және тіркеме) сатып алынды. Нәтижесінде, ауылшаруашылығы техникасын жаңғырту деңгейі 5,6%-ды құрады (2025 ж. жоспар - 6%).
Мал шаруашылығында ет өндірісі (тірі салмақта) - 2,7%-ға, сүт - 1,6%-ға артты. 888,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды, оның ішінде 410 мың тонна пияз (Ресей, Қырғызстан, Пәкістан, Өзбекстан, Әзірбайжан). Пияз экспорты бойынша облыс көшбасшы болуда.
61,8 мың га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімі қайтарылды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2025 жылы 3,2 млрд. теңгеге 437 жоба қаржыландырылды.
8. Суармалы жерлерді қалпына келтіру Облыста 66,5 мың га егіс алқаптарына (2024 ж. – 55,4 мың.га) су үнемдеу технологиялары енгізілді.
Өңірдің 6 ауданында (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Шу) 37,2 млрд.теңгеге 625 шқ болатын 322 су нысандары қайта жаңартылуда (ЕБРР, МБРР – 315 нысан, 36,3 млрд тг, 608 шқ, Қазсушар – 7 нысан, 0,9 млрд тг, 17 шқ) .
Су саласын дамытудың Кешенді жоспары аясында 184 млрд теңге есебінен 2029 жылға дейін 11 жаңа су қоймасын салу, 3 су қоймасын қайта жаңарту және 312 каналды жөндеу жоспарлануда (Ислам даму банкі).
Облыста су үнемдеу технологияларын қолдануды кеңейту аясында келесі жобалар іске асырылуда
«AKPLAS KAZAKHSTAN» құны 10 млрд теңге құрайтын, тамшылатып суару қондырғыларын шығару зауытының құрылысы аяқталуда (тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері; суару құбырлары және фитингілер; ПВХ және ТҚПЭ (төмен қысымды полиэтилен) құбырлары; сүзу жүйелер (дискілі сүзгілер, сепараторлар). Зауытты іске қосу 2026 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған, бұл жылына 200 мың гектарды суару қондырғыларымен қамтуға мүмкіндік береді (80 жұмыс орнын).
«Каз Каспи Гидро Сельхоз Технология» ЖШС-мен 2,8 млрд.теңгеге тамшылатып суғару жүйесінің өндірісі іске қосылды. Өндіріс жылына 12 мың гектарды суару қондырғыларымен қамтуға мүмкіндігін береді (30 жұмыс орны).
9. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
Өңірде тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, жаңа алқаптар мен шағын аудандар салынуда.
Жыл басынан 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (2025 ж. жоспар. - 765,0 мың. ш.м).
2 190 пәтерлі (204,6 мың ш.м) 46 тұрғын үйдің (Отбасы банкі арқылы сатылатын кредиттік үйлер) құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1200 пәтерлі 20 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда (540 пәтерлі 10 тұрғын үй берілді).
Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік-осал топтары үшін 710 пәтер сатып алу жоспарлануда (жоспар 1415 пәтер, 21,5 млрд.теңге).
«Әулие ата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?