Құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған әділет майоры, психолог Аяулы Исакованы құрметті зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті.
Іс-шара барысында мекеме басшылығы мен әріптестері Аяулы Исакованың көпжылдық еңбегін ерекше атап өтіп, оның қызметтегі кәсібилігіне, адамгершілік қасиеттеріне және ұжым арасындағы сыйластығына жоғары баға берді. Қызмет жолында талай жас маманға бағыт-бағдар беріп, жеке құрамның психологиялық ахуалын нығайтуға сүбелі үлес қосқан маманға ізгі тілектер айтылып, естелік сыйлықтар табысталды.
Әріптестері оған зор денсаулық, отбасы амандығын, ұзақ ғұмыр мен бейбіт те бақытты зейнет жасын тіледі.
Осындай білікті де тәжірибелі маманның адал еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Сіздің реакцияңыз қандай?