1,9 млрд теңге жұмсалған телімдер тозып барады
Шудағы 1449 жер учаскесі инфрақұрылыммен қамтылған. 258 га аумаққа қуат көзі қосылған, көгілдір отын кірген, су кеп тұр. Телімдерді 2022 жылдан бері мың адам алған. Бірақ бүгінге дейін бірде бір адам құрылыс бастамаған. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова фейсвуктегі парақшасында жазды.

"Себеп көп. Соның бірі құрылыс жүргізуге қаражаттың қолбайлау болуы. Сатқысы келген шығар, бірақ мемлекеттен берілгендіктен сата алмайды. Алқапты шудың шеті, мектептен алыс деп айтады. Қоғамдық көлік қатынамайды дейді. Әрине ештеңе соғылмаған жерге ешқандай автобус жүрмейді. Бос жерге кімді түсіріп, кімді мінгізеді?!." деді депутат.
Халық қалаулысы заң бойынша ешқандай нысан түспеген телімді 3 жылда мемлекет кері қайтарып алатынын айтып, ендігі мәселе одан күрделі дейді. Айтуынша бұған дейін бар жағдай жасалып, ел қонады деп дайындалған инфрақұрылым игіліктері тозып барады. Ұры-қары да электр жабдықтары мен құбырларды үптеп кетіп жатыр екен.
"Обал! Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге бас-аяғы 1,9 млрд теңге жұмсалған. Сонда қыруар қаржы желге ұша ма?" деп алаңдаулы Алданышқызы.
Мәжілісмен қолданылмай жатқан телімдерді қолынан іс келетінге беруді ұсынды.
"Әкімдіктің ұсынысы - игерусіз жерді инвесторға беру. Кәсіпкерлер жердің 10-20% аумағына көпқабатты баспана соқса деген ұсыныс айтты. Ал дайын үйлерді мұқтаждарға беруді, сондай-ақ ипотекалық негізде н/е сатып алу құқығымен жалға беру жолдарын қарастырмақ. Бұл бір жағынан тұрғындарға тиімді, қалтасынан құрылысқа қаражат шықпайды" деді ол өз сөзінде.
Игі мақсат болмаған соң игілікке пайдаланылмай қаншама телім бос жатыр! Ал Шу ауданы бойынша жер кезегінде 8 мың адам тұр екен.
"Аудан азаматтары жер беруге қатысты заң жобасына өзгеріс енгізуге қатысты өз ұсыныстарын айтты. Мен тиісті мамандармен кеңесіп, мәселені Мәжілісте көтеретін боламын." делінген пост соңында.
Сіздің реакцияңыз қандай?






