Жамбылда оқушыны ағалары 6 жыл бойы зорлаған

Жамбыл облысында 13 жастағы мектеп оқушысы алты жыл бойы зорланып келген. Қаршадай қызды қорлаған алыстағы адам емес, туған ағалары екен.

Жамбылда оқушыны ағалары 6 жыл бойы зорлаған

Бұл оқиға Мойынқұм ауданында болған. Жаға ұстатарлық жағдай туралы еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында туған екі ағасынан зорлық көрген оқушының ісімен айналысып жатқанын жазған.

Туғандарынан теперіш көріп өскен қыз бұған дейін де мектеп психологы жүргізген сауалнамада ағаларының айуандық әрекеті жайлы жазған. Бірақ ешкім елемепті. Енді осы жайттан кейін аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шара қолданылды. Қазір оқушы қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге орналастырылды.

"Қылмыстық кодекстің 120-шы бабы, 4-ші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында қылмысты жасаған екі күдікті анықталды. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде бір күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Екінші күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, ұстау іс-шаралары жүргізілуде", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow