«Бір алаң — бір мақсат»: «Тараз» футболшылары балалармен бірге алаңға шықты

«Бір алаң — бір мақсат»: «Тараз» футболшылары балалармен бірге алаңға шықты

Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде достық футбол кездесуі өтті. Шараға «Тараз» футбол клубының жастар командасы мен U-15 командасының жас футболшылары қатысып, балалармен бірге футбол ойнады.

Кездесу барысында қатысушылар аралас командаларға бөлініп, кіші футболдан жолдастық матч өткізді. Спорттық шара балалар мен жас футболшылардың жақынырақ танысып, ортақ қызығушылық арқылы достық қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді.

Футбол алаңында қатысушылар командалық ойын, өзара қолдау және әділ бәсеке қағидаларын көрсетті. Мұндай кездесулер балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді.

Шара соңында «Тараз» футбол клубының өкілдері балаларға сый-сияпат табыстап, кездесуді көтеріңкі көңіл күймен қорытындылады

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow