Қандай тауар түрлері бойынша ішкі нарық 100 % қамтылған?
11 негізгі тауар түрлері бойынша ішкі нарық 100 % қамтылған деп айтуға болады. Олардың қатарында бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күн бағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз, қияр жатады – деп хабарлайды jambylmedia.kz ақпараттық порталы.
Ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен молықтыруға қатысты Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне қол жеткізу міндетін алға қойды.
Ішкі нарықты қамтамасыз ету мониторингі азық-түлік тауарларының негізгі 29 түрі бойынша жүргізіледі. Оның ішінде 12 тауар позициясы бойынша ішкі нарық 100%-ға және одан да көп мөлшерге қамтамасыз етілген. 11 азық-түлік тауары бойынша қамтамасыз ету 80% және одан асады. Бұл халықаралық ауыл шаруашылығы ұйымы ФАО-ның жіктемесі бойынша өзін-өзі жеткілікті қамтамасыз ету деңгейі болып саналады.
Тек, азық-түлік тауарларының 6 түрі бойынша ғана өндірісті ұлғайту және ішкі нарықты отандық өнімдермен молықтыру шараларын іске асыру қажет. Олар – құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант және балық.
Бүгінгі таңда ел Үкіметі Ішкі нарықты отандық өнімдермен толықтыру жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар жобасын дайындады. Әрбір бағыт бойынша инвестициялық жобалардың нақты пулы белгіленген
Үкімет мұнай өнімдері нарығын бақылауды күшейтуде
Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен мұнай өнімдері нарығындағы жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру мәселелеріне арналған кезекті кеңес өтті.
Қатысушылар бақылау механизмдерін жақсарту бойынша ағымдағы нәтижелер мен қосымша қадамдарды талқылады.
Сонымен қатар, көрші елдермен жанар-жағармай бағасының айтарлықтай айырмашылығын ескере отырып, отынды елден заңсыз әкетуге жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жалғасады. Жауапты органдарға профилактикалық және бақылау іс-шараларын жоспарлы түрде жалғастыру тапсырылды.
Үкімет шекарада және ел ішінде өзара іс-қимылдың жедел тетіктерін жетілдіру жөніндегі міндеттерді нақтылады. ІІМ, ҚММ, кедендік және шекаралық бөлімшелер арасындағы үйлестіру жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, бұзушылықтардың алдын алу және нарықтағы тәртіпті арттыру үшін күшейтіледі.
Сондай-ақ, Энергетика министрлігіне секторды цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды. Мұнай базаларын есепке алу құралдарымен жарақтандыру және нақты уақыт режимінде деректерді беру негізгі бағыттардың бірі болып қала береді.
Заңнамаға дайындалған түзетулер салаға қойылатын заманауи талаптарды бекітуге және мұнай өнімдерін есепке алудың бірыңғай стандартын қамтамасыз етуге арналған.
Роман Скляр Үкімет ЖЖМ нарығының ашықтығы мен тұрақтылығын, сондай-ақ ішкі нарықты уақтылы қамтамасыз етуді дәйекті түрде қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылады.
Қорытындылай келе, Премьер-министрдің бірінші орынбасары мұнай өнімдері нарығының тұрақтылығы, оның ашықтығын бақылау және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдық болып қала беретінін атап өтті. Мемлекеттік органдар бұдан әрі МӨЗ-ден іске асырудың соңғы нүктесіне дейін ЖЖМ қозғалысының толық мониторингін жүзеге асырады.
Айдана Абаева
Сіздің реакцияңыз қандай?