Сода керек болса, Сарысу бар!

Сода керек болса, Сарысу бар!

     Жамбыл облысының Сарысу ауданында түркиялық ірі инвестор – CoreX Holding компаниясының қатысуымен «Qazaq Soda» ЖШС жобасы жүзеге асырылуда. Жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, импортты алмастыруға бағытталған стратегиялық мәнге ие.

          Жобаның аясында:

·       жылына 500 мың тонна кальциленген сода өндірісін жолға қою көзделген, кейінгі кезеңде бұл көрсеткіш 1 млн тоннаға дейін ұлғаяды;

·       жалпы инвестиция көлемі – 800 млн АҚШ доллары, оның I кезеңі – 400 млн АҚШ доллары, II кезеңі – 400 млн АҚШ доллары;

·       1000 уақытша және 300 тұрақты жұмыс орны ашылады.

          Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жылдық кальцилендірілген содаға қажеттілігі 350-400 мың тоннаны құрайды. Бірақ елімізде осындай өндіріс жоқ болғандықтан бұл көлем толықтай импорт арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстандағы ең ірі тұтынушылар қатарына:

·       «Алюминий Қазақстан» АҚ,

·       «Ақтөбе хром қоспалары зауыты» ЖШС,

·       «Қазфосфат» ЖШС,

·       «Қазцинк» ЖШС,

·       «ORDA GLASS LTD» ЖШС және басқалары кіреді.

          Кальцилендірілген сода өндірісі металлургия, химия, тағам, текстиль және тұрмыстық химия салаларында кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда өнімнің әлеуетті сатып алушылары анықталған.

          «Qazaq Soda» өндірілетін өнім көлемімен ішкі нарық қажеттілігін толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жобаның іске асырылуы нәтижесінде жылына шамамен 150 млн АҚШ долларына тең импортты алмастыру мүмкін болады.

          Жобаның ағымдағы жағдайы:

·       Биыл 70 млрд теңге инвестиция бөлінген;

·       Құрылыс-монтаж жұмыстарының 50 пайызы аяқталған;

·       Ірі өндіріс 2026 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow