Жамбыл жыл соңына дейін 24 ауылдық елді мекен, 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтылады

Жамбыл жыл соңына дейін 24 ауылдық елді мекен, 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтылады

Жамбыл облысында жыл соңына дейін 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу, қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп хабарлайды jambylmedia.kz ақпараттық порталы. 

Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сапалы ауыз су мен көгілдір отынға қол жеткізу бағытында аймақта атқарылатын жұмыс бағыты айқын.

Президенттің тікелей тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысын 100% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 13,9 млрд. теңгеге 24 ауылдық елді мекен мен 9 тұрғын алқапта ( Тараз қаласы - 5, Шу қаласы - 4 ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде 11,1 млрд. теңгесі игерілді.

Жалпы, облыста 371 елді мекен бар (1,222 млн. адам), оның 4-уі қала және 367-сі ауылдық елді мекен.

Бүгінгі күнге, 19 елді мекенде (Байзақ ауд. - 2, Жамбыл ауд. - 4, Қордай ауд. - 3, Меркі ауд.- 2, Мойынқұм ауд. - 2, Т.Рысқұлов ауд. - 4, Талас ауд. - 1, Шу ауд. - 1) және 5 тұрғын алқаптың (Шу қ. - 4, Тараз қ. - 1) құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, 3 елді мекен мен 4 тұрғын алқаптың құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандарды қабылдау-тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған 2 нысандағы құрылыс көлемі 90%-ға дейін аяқталып отыр.

Жалпы барлық нысандардағы құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда. Жыл соңына дейін барлық нысандардағы құрылыс жұмыстарын аяқтап, тұрғындар 100% сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Бұл нысандар бойынша бүгінде жұмыстар күшейтіліп, тұрақты

бақылауға алынған.

Жалпы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша нысандардағы құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда жыл соңына дейін барлық нысандардағы құрылыс жұмыстарын аяқтап, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

 

Қысқасы Жамбыл облысында жыл соңына дейін 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу, қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. 

 

Жуалы ауданы 100 айыз ауыз сумен қамтылды

Ал Жамбыл облысындағы Жуалы ауданы 100 пайыз ауыз сумен қамтылды. Бұған дейін 2 мыңнан  астам тұрғыны бар Күреңбел ауылдық округіне ғана тіршілік нәрі тартылмаған болатын.

 

Енді 43 шақырым құбыр тартылып, 394 аула таза ауыз су жүйесіне қосылды. Ал былтыр аудандағы Түктібай, Ақтөбе, Қарасу, Көктас, Күркіреусу және Амансай ауылдарында су станциялары қайта жаңғыртылды. Осылайша Жуалыдағы жалпы саны 49 елді мекен тіршілік көзімен толық қамтылды. Айта кетейік, Президенттің 100% ауыз сумен қамту тапсырмасына сәйкес биыл аймаққа 14 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жыл соңына дейін тағы 14 ауыл мен 9 тұрғын алқабына су жүйесі тартылады.

 

«Адам баласына ең керекті бірінші мәселе – ауыз су.  Өйткені ол – тіршіліктің көзі, тірліктің тұтқасы. Ауыз су мәселесі бізде бірталай уақыттан бері әңгіме болып келе жатқан еді. Міне, арнайы ашылып елдің бәрі қуанышты болып жатырмыз. Сондай рахаттанып, таза әрі сапалы су ішетін болдық деп мына жерде шауып жүрміз бәріміз!» – деді, Күреңбел ауылының тұрғыны, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркебай Нағашыбеков.

 

Талас ауданында "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда

 

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Талас ауданы С.Шәкіров ауылындағы 4, Аққұм ауылындағы 3, Ойық ауылындағы 1, Ақкөл ауылындағы 2, Бостандық ауылындағы 2 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 212,4 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар Ойық ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 111,1 миллион теңге және Үшарал ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 141,2 миллион теңге бөлінген.

Мердігер – «Компания Сырым Блеке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгінгі күнге нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Нысандар 2026 жылға өтпелі.

 

Қазіргі танда ауданда 23 елді мекеннің 20-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2025 жылы Қожағаппар, Сейілбек елді мекендерінде су құбырының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, халық игілігіне берілді.

 

Қараой ауылында су құбырының құрылыс жұмыстарын аяқтауға 267,2 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Арал және Қайыр ауылдарын сумен жабдықтауға арналған модульдік контейнерлік блоктарын орнатуға облыстық бюджеттен 72,4 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жалғасуда.

Ауданда 17 елдімекен (15100 адам) газдандырылған. Ол 15100 адам көгілдір отынның алауын жағып отыр деген сөз. 2027 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

 

 

Жылу желілерін жаңғырту бойынша...

 

Газдандыру аясында облыстың 6 ауданында 20,5 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылып жатыр.

Сонымен бірге, облыс қалаларында жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шақырымға созылған, олардың тозу деңгейі 54% жеткен.

"Биыл Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралін жаңғырту және жаңа мөлтекауданда жылу желілерін кеңейту жұмыстары аяқталды. Қаратау қаласында мазут шаруашылығы және орталық қазандықтар қайта жаңғыртылады. Нәтижесінде биыл жылу желілерінің тозу деңгейі 53%-ға дейін төмендейді", – дейді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

 

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow