Өңірдегі әлеуметтік салаларда серпін бар ма?
Аймақ басшысы Е. Қарашөкеевтің орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңірдің әлеуеті жайлы сөйлеп, ел алдында есеп берді. Облыс әкімі әлеуметтік салалардағы өсімге ерекше тоқталды. Ербол Шырақбайұлының брифингтегі баяндамасынан:
1. Инженерлік және көлік инфрақұрылымы
Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 13,9 млрд. теңгеге (РБ – 3,9 млрд тг, ОБ – 3,7 млрд тг, арнайы мемлекеттік қор – 6,3 млрд тг) 24 ауылдық елді мекен (20 АЕМ сумен жабдықтау құрылысы, 4 АЕМ кешенді-модульдік блоктарды орнату) және Тараз (5), Шу (4), қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Нәтижесінде, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ға дейін жеткізу (353 АЕМ) (2024 ж.: ауыл - 97,1%, қала - 98,0%) жоспарлануда.
Газдандыру аясында облыстың 6 ауданында (Жамбыл – 5, Жуалы – 2, Қордай – 1, Мойынқұм – 1, Талас – 2, Сарысу – 1, Шу – 2) 20,5 млрд. теңгеге (Ұлттық қордан - 11,6 млрд тг, ЖБ - 8,9 млрд тг) 14 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде, газбен жабдықтау деңгейі 91,3%-дан 91,8%-ға дейін жетеді (тұрғындармен есептегенде).
Облыс қалаларында жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шқ, тозу деңгейі - 54% құрайды.
Ағымдағы жылы Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралін жаңғырту (10,1 млрд тг, 6,1 шқ) және жаңа мөлтек ауданында жылу желілерін кеңейту (597,8 млн тг) бойынша жұмыстар аяқталды. Қаратау қаласында мазут шаруашылығы (710,9 млн тг) және орталық қазандықтар (740,7 млн тг) қайта жаңғыртудан өтті.
Сонымен қатар, Тараз қаласында М-3 жылу желілерін жаңарту жүргізіліп, жоспарланған 1,4 шқ-ның 0,7 шқ-да жұмыстар аяқталды (2,1 млрд тг).
Нәтижесінде, жыл қортындысымен жылу желілерінің тозу деңгейі 53%-ға дейін төмендейді.
Ағымдағы жылы автожол саласында 182 жобаны іске асыруға 28 млрд. теңге бөлініп, құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 460,2 шқ жол қамтылды (17,7 шқ жолдар салынып, 8 шқ қайта жаңғыртылды және 434,5 шқ жол орташа жөндеуден өтті).
2. Облыс орталығы Тараз қаласын дамыту
Тараз қаласында Абай даңғылының бойында теміржол арқылы өтетін автомобиль қозғалысына арналған жол өткелі болатын көпір құрылысы жалғасуда.
Жобаны іске асыру Тараз қаласының тұрғындары үшін көлік логистикасын едәуір жақсартуға, автокөлік қозғалысының тиімділігін арттыруға және тұрғындар үшін көлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңа тұрғын үй алқаптарының қала орталығымен көлік байланысын қамтамасыз ету үшін 50 шқ асфальт автомобиль жолдары салынып, ұзындығы 10,3 шқ-ды құрайтын 3 көше қайта жаңғыртылды, 35,3 шқ жаяу жүргінші жолдары жабдықталды, 49,6 шақырым суару арықтары жөнделіп, төселді.
Соңғы екі жылда 271 заманауи автобустар сатып алынып, Тараз қалалық автокөлік паркі 82%-ға жаңартылды.
Ғимараттардың сыртқы сәулеттік келбетіне бірегей және заманауи талаптарды қалыптастыру аясында 15 ескі көпқабатты үйлердің сырты қайта жаңғыртылды, көп қабатты үйлердің ауласында 27 балалар ойын алаңшалары орнатылды. 514 аула және 85 көшеге жарық шамдары жүргізілді.
3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Ағымдағы жылы әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 46,6 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1 есеге артық (2024 ж. – 40,6 млрд теңге).
Президенттің «10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» бойынша тапсырмасы аясында кәсіпкерліктің жаңа бастамаларын қолдау есебінен 16,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды (жоспар – 12,5 мың).
Бұдан басқа, өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыс бойынша 57,3 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 40,4 мыңы – тұрақты (жоспар – 65,6 мың, тұрақты – 48,4 мың).
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 42,8 мың адам (о.і. 1,1 мыңы – мүгедек жандар) қамтылды.
Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды (2025 ж. 3 тоқсан).
Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 10,2%-ға артып, 308,1 мың теңгені құрады (2025 ж. 3 тоқсан).
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 29,5%-ға қысқарды (21,7 мың адам, 2024 ж. - 30,8 мың адам).
Тараз қаласы мен барлық аудандарда 11 отбасыларды қолдау орталықтары ашылды, онда өмірлік қиын жағдайға тап болған 826 отбасыға көмек көрсетілді.
Жыл соңына дейін бюджеттен тыс қаржы есебінен Тараз қаласында 200 орындық жаңа белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашу жоспарлануда.
4. Білім
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 25 млрд.теңгеге 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан 7 мектеп (3550 орындық) пайдалануға берілді, оның 4-уі (3200 орын) «Келешек мектептері» жобасы аясында. Жыл соңына дейін тағы 7 нысан құрылысы аяқталады.
Нәтижесінде, 1 үш ауысымды, 3 оқушы орны тапшылығы бар, 3 тозығы жеткен мектептер мәселесі шешіліп, жыл соңына дейін 1 апатты, 3 оқушы орны тапшылығы бар, 3 тозығы жеткен мектептер мәселесі шешілетін болады.
16 білім нысанын күрделі жөндеуге 11 млрд.теңге бөлінді.
«Адал азамат» білім беру бағдарламасы аясында облыстағы 22 мектеп бірыңғай дизайн-кодына (брендбук) көшуді бастап кетті.
Облыс оқушылары 16-ші жыл қатарынан Республикалық ғылыми жобалар конкурсында «Ең үздік команда» атанып, Республикалық олимпиаданың қорытындысымен «Үздік олимпиадалық команда» деп танылды.
Бұдан бөлек, ұлттық рух пен патриоттық сананы қалыптастыру үшін жыл соңына дейін өңірде алғаш рет 320 орындық дарынды ұлдарға арналған «Әскери мектеп-интернатын» ашуды көздеп отырмыз.
Техникалық және кәсіптік білім беруде инновациялық білім беру технологияларын енгізу үшін Ленинград облысындағы Сосновоборск политехникалық колледжі мен Жамбыл политехникалық колледжі арасында келісімге қол қойылды. Ынтымақтастық Қазақстанда салынып жатқан Атом электрстанциясы үшін жұмысшы кадрлар даярлауға бағытталған.
Жеке қаражат есебінен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледж студенттері үшін Тараз қаласында 120 орындық жатақхана құрылысы жүргізіліп («Рысбаева» ЖК), 46 млн. теңгеге 4 колледжге жабдықтар (лабораторияға арналған) сатып алынды («KNAUF», «Алина», «Мерагро» ЖШС ).
5. Денсаулық сақтау
Ағымдағы жылы 4,1 млрд. теңгеге 5 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 3-і пайдалануға беріледі.
11 қалалық медициналық мекеме 1,5 млрд. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның 7-уі пайдалануға берілді.
6 млрд. теңгеге 32 бірлік медициналық жабдықтар (магниттік-резонанстық томограф - 2 дана, компьютерлік томограф - 2, ангиограф - 1, ЛОР комбайн - 1, цифрлық маммограф - 3 және т.б.), бұл ерте диагностиканың, жедел жәрдем жұмысының сапасын мен ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, денсаулық сақтау инфрақұрылымының тозу деңгейі 42%-ға дейін төмендеп, медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 92%-ға дейін жетті.
Өңірде ТМД елдерінде аналогы жоқ жасанды интеллектті пайдалана отырып, бірегей жоба іске асырылды. Онда 22 медициналық мекемесі бірыңғай радиологиялық ақпараттық жүйеге біріктірілген. Бұл дәрігерлерге және сүт безі қатерлі ісігін ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. 2264 адам тексеруден өтті.
Жедел церебральді қан айналымы бұзылыстарын, ишемиялық инсульттің диагностикалауға, оның локализациясы мен зақымдану көлемін бағалайтын дәрігерлерге көмектесу үшін «Серебро» жасанды интеллект жүйесін енгізу жоспарлануда.
5252 медицина қызметкері (562 дәрігер, 4690 орта медицина қызметкері) оқудан және біліктілігін арттырудан өтті, оның 12 дәрігері - шетелдік клиникаларда.
Нәтижесінде, халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 70,8%-ға (2024 ж. – 68,3%), дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халық үлесі 41,9%-ға дейін (2024 ж. - 41,2%) жетті.
Облыс спортшылары жыл басынан бері түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыстарда 1534 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 488-і алтын, 492-і күміс, 554-і қола.
Айрықша атап өтетін жайт, Токио қаласында өткен дүниежүзілік деңгейдегі XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына біздің өңірден 12 спортшы қатысып, 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Тараз қаласында 3,5 млрд теңге бюджеттен тыс қаржы есебінен балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол академиясының құрылысы басталды.
Мәдениет саласында 16 нысанның (1,4 млрд.теңге), құрылысы жүргізіліп, есепті кезеңде 10 нысан (Байзақ ауданы Мырзатай ауылы, Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр, Қақпатас ауылдары, Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылы, Шу ауданы Белсабар ауылы, Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылы, Тараз қаласы Құмшағал массиві, Жамбыл ауданы Аса ауылы – кітапхана ғимараты және балаларға және жасөспірімдерге арналған орталық), оның ішінде Тектұрмас тарихи кешенінде «Ежелгі Бекініс» нысаны пайдалануға берілді.
207 млн. теңгеге 16 мәдениет нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде халықтың мәдени инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 79,5%-ға жетеді (2024 ж. – 77,9%).
Ағымдағы жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен 1,1 млрд. теңгеге 186 үйірмеде 5,9 мың бала қамтылды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және батыр, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы» музейі ашылды.
Сондай-ақ, «Тараз» жастар театр студиясы, «Қолөнершілер үйі» шығармашылық орталығы құрылды. «Тектұрмас» республикалық тарихи-танымдық журналы ашылды.
Туризм саласында 6 млрд. теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылуда («Ежелгі бекініс» нысаны, «Аструм» жабық аквапаркі, «Tary» мейрамханасы, «Жібек жолы» ЖСК, «Керуен» ЖСК, «Арзан сити» ЖСК, «Рахат-ай» мұз айдыны, «Этноауыл» демалыс аймағы, «Шу Мұнай Өнімдері» ЖСК, «Еламан» демалыс аймағы).
1,2 млрд.теңгеге 3 туристік нысанға («Koksai resort» (19,5 шқ), «Таскөл» (2,8 шқ), «Алмалы» (12,5 шқ)) ұзындығы 34,8 шқ автомобиль жолдары салынды.
8. Цифрландыру
353 елді мекен мобильді интернетпен қамтамасыз етілді (4G – 259 (73,4%), 3G – 51 (14,4%), 2G– 43 (12,2%)).
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 148 елді мекенде интернет сапасы 4G деңгейіне жеткізілді.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 12 антенналық-діңгекті құрылғылардың құрылысы жүргізілуде. 2026 жылы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылу деңгейі 90%-ды құрайды.
Бұдан басқа, жаңа базалық станцияларды орнату кезінде тағы 19 елді мекенде интернет желісінің сапасы 4G деңгейіне дейін арттырылды, Тараз қаласында 5G-мен 45 базалық станция іске қосылды.
9. Қауіпсіз қоғам
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 96 сергек және 800 бейнебақылау камерасы орнатылды, 17 дана мамандандырылған автокөлік құралы (384,9 млн теңгеге) сатып алынды.
Төтенше жағдайлар саласында 18 бірлік өрт сөндіру-құтқару техникасы сатып алынды, 23 сиреналық-сөйлеу құрылғысы орнатылды, облыстың 3 ауданында (Талас, Сарысу, Қордай аудандары) өрт сөндіру пункттері ашылды.
10. Халықпен кері байланыс
54 мың өтініш тіркелді, оның 70%-ы оң шешім тапты.
Облыстың 150 елді мекенінде болдым (39 іс-сапар). Барлық деңгейдегі әкімдермен 632 кездесу өткізілді (облыс әкімдері – 7, ауылдық округтер – 371, қалалар мен аудандар – 254), онда 32 мыңнан астам адам қатысты.
Халық тарапынан 1981 сұрақтар мен ұсыныстар көтерілді. Оның 1436-сы (72,5%) оң шешім тапты.
21 жеке қабылдауымда 272 азаматты қабылдадым.
Сіздің реакцияңыз қандай?