Жамбылда 2 жел электр станциясы салынады
Жамбыл облысы жасыл энергия көздерін өндіру бойынша республикада бірінші орында келеді. Ал өңірдің электр энергиясы елдегі сұраныстың 30% жауып отыр. Сондықтан Президент Мәслихат депутаттары форумында аймақтың әлеуетін айрықша атап өтті. Енді облыста осы бағытта алдағы үш жылда 3 жел электр станциясы салынбақ. Саның бірі Мойынқұм ауданында басталды.
Жамбыл жерінде 16 жыл бұрын желден қуат алатын алғашқы станциялар салына бастады. Ал былтыр Айша бибі ауылы маңында бұрын-соңды болмаған жоба жүзеге асты. Бу мен газдан қуат көзін алатын зауыт құрылысы басталды. Онда жылына 1,5 млрд КВт/сағат электр энергиясы өндіріледі. Құрылысы қарқын алған нысанның биыл алғашқы кезеңі іске қосылмақ.
СЕРЖАН ӘЛІМОВ – СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:
Президент инвестиция тарту арқылы баламалы қуатқа басымдық беруді тапсырды. Енді елімізде алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын «жасыл» энергия нысандары іске қосылмақ. Соның бірі Мойынқұм ауданында қуаты 1 гигаватт болатын Жел электр станциясының құрылысы басталды. Онда жылына 4 млрд Кбт сағат электр энергиясы өндіріледі. Жобаға франциялық кәсіпкер 620 млрд теңге қаржы құймақ. 2 жылда іске қосылатын нысанда энергия экологиялық таза жолмен алынады. Нәтижесінде ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының көлемі жылына 3,2 миллион тоннаға дейін азаяды.
ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: "Іске қосылғаннан кейін 200 тұрақты жұмыс орны пайда болады. Алдымыздағы 5 жылдың ішінде 116 жоба қазір әр сатыда дайындалып жатыр. Ол жобаларға 5,6 трлн теңге инвестиция тартылатын болады. 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орыны ашылатын болады".
Тың жоба толық қосылғанда еліміздің оңтүстік аймақтарының энергетикалық қуаты 20%-ға өседі. Демек бүгінде Жамбыл облысының жасыл энергия өндіруде республикада бірінші орында тұруы бекер емес. Енді тағы екі ауданда қара желдің күшін пайдалану ары қарай артпақ.
АЛМАС ОМАРОВ – ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: "
Айта кетейін, бүгінде аймақта жылына 571 мегаватт жасыл энергия өндіретін 22 нысан жұмыс істеп тұр. Оның 6-ы гидро, 6 күн және 10 жел электр станциясы бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?