Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісінің дүниежүзілік Ізгілік Елшісі болып тағайындалды
Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының көші-қон ісінің дүниежүзілік Ізгілік Елшісі болып тағайындалды – деп хабарлайды jambylmedia.kz ақпараттық порталы.
Бүгін Женевада өткен сессияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) қазақстандық әртіс әрі гуманитарлық қайраткер Димаш Құдайбергенге жаһандық ізгілік елшісі мәртебесін берді.
2024 жылы Димаш ХКҰ-ның өңірлік Ізгі ниет Елшісі болып тағайындалған еді. Ол өзіне тиесілі жаһандық платформа арқылы мигранттардың мәселелеріне қоғам назарын аударып, олардың интеграциясына жәрдемдесіп, сондай-ақ қаражат жинау шараларына қатысып, ұйымның жұмысына қолдау көрсетіп отырды.
Ақапарат үшін айта кетейік, Димаш Құдайберген - қазақстандық әнші, композитор, мультиинструменталист, әлемге танымал вокалист, ол 7 октаваға жуық дыбыс диапазонымен және опера, халық әні, эстрада элементтерін біріктіретін ерекше музыкалық стилімен танымал;
Ол 2015 жылы «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алған, Қытайдағы "Singer 2017" шоуында танымал болған және Қазақстанның халық артисті атағына ие. Дінмұхаммед (Димаш) Құдайберген Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаеваның отбасында дүниеге келген.
Димаш Құдайберген 5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренген. Балалар хорында ән айтқан. Ол 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түсті. Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс т.б тілдерде ән орындайды.
Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?