Жамбылдағы жасыл энергетика жоспары

Жамбылдағы жасыл энергетика жоспары

Жамбыл облысында жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бойынша күн, жел және су арқылы электр энергиясын салуға барлық жағдай жасалған.

​Сондықтан осы бағытта Жамбыл облысы көбірек инвестициялардың назарын аударады.

​Жаңартылатын энергия көздері нысандары облыста 2010 жылдан бері дамып келеді, атап айтсақ:

​2010 жылы қуаты 2 МВт құрайтын 2 ЖЭК нысаны пайдалануға берілсе, 2015 жылы қуаты 114 МВт құрайтын 9 нысан, 2021 жылы қуаты 387,8 МВт құрайтын 17 нысан және 2024 жылы қуаты 571,3 МВт құрайтын 22 нысанға жеткізілді.

​Қазіргі таңда өңірде жалпы қуаты 571,3 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 22 нысан жұмыс істейді, оның ішінде:

​- 6 су электр станциясы қуаты 24,4 МВт;

​- 10 жел электр станциясы қуаты 275,65 МВт;

​- 6 күн электр станциясы қуаты 271,25 МВт.

​Қазақстанда барлығы 3 248,1 МВт қуаттылығымен 158 жанартылатын энергия көздері нысандары жұмыс істейді.

​Бұл ретте Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жағынан алдыңғы қатарлардың бірінде.

​2025 жылдың 12 айында жалпы 5 818,9 млн. кВт/сағ. электр энергиясы өндірілсе, жаңартылатын энергия көздерінен  1 479,0 млн. кВт/сағ. электр энергиясы өндірілді.

​Жоғарыда айтылғандай ЖЭК нысандарының облыста өте жоғары қарқында дамып келуде.

​Соңғы 5 жылдың ішінде облыста бір қатар ірі және кіші қуаттағы жобалар іске асырылды.

​Атап айтқанда, 2021 жылы өңірдегі ірі жобалардың бірі құны                          49 млрд. теңге құрайтын қуаты 100 МВт «Жаңатас» жел электр станциясы пайдалануға берілсе, қуаты 9,2 МВт құрайтын «Тасөткел» су қоймасындағы су электр станциясының 2-ші кезегі іске қосылды.

​2022 жылы Жамбыл ауданындағы қуаты 50 МВт «AEC ASA» күн электр станциясы және Талас ауданында жалпы қуаты 13,5 МВт құрайтын  «Шенгелді», «Шенгелді-2» және «Новатэкс ЖЭС» 3 жел электр станциясы (әр қайсысының қуаты 4,5 МВт) жобасы іске асырылды.

​2024 жылы Сарысу ауданында жалпы қуаты 100 МВт құрайтын «Шоқпар ЖЭС» электр станциясы жобасының құрылысы аяқталды.

​Облыстың ЖЭК нысандарын салуға қолайлы болуына байланысты алдағы жылдары облыста 2 ірі жобаларды іске асыру көзделуде. Атап  айтқанда:

​Мойынқұм ауданында (Франция) «Total Eren» ЖШС тарапынан  қуаты 1 ГВт құрайтын жел электр станциясы (2028 жыл), Сарысу және Талас ауданында Masdar (БАӘ) компаниясы тарапынан қуаты 1 ГВт жел электр станциясы жобаларын іске асыру (2029 жыл)  көзделуде.

​Сонымен қатар, өңірде күн, жел және су электр станцияларын орналастыру әлеуетін ескере отырып, 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерін дамытудың болжамды картасы әзірленген.

​Жоспарға сәйкес, 2028 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің саны 2,5 гигаватт қуатымен 24 нысанға дейін жеткізілетін болады. Жалпы алғанда, белгіленген барлық жобаларды іске асыру экологияға зиян келтірмей, өңірді сапалы электрмен жабдықтауға және облысты «жасыл» энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow