Дулати университетіне жаңа ректор келді

Дулати университетіне жаңа ректор келді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің басқарма төрағасы — ректоры болып Еркінбаева Ләззат Қалымбекқызы тағайындалды.

Еркінбаева Ләззат Қалымбекқызы

Заң ғылымдарының докторы, Профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма мүшесі — оқу ісі жөніндегі проректоры

Білімі: Жоғары

1984 жылдан 1989 жылға дейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті.  Заң факультеті. Мамандығы: «Құқықтану» үздік диплом

Аспирантура: 1989-1992 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті. Мамандығы: «Құқықтану»

1995 жылы «Жерге келтірілген зиянның орнын толтыруды құқықтық реттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2008 жылы «Қазақстан Республикасындағы аграрлық құқықтық қатынастар» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2013 ж. Брунель университеті (Ұлыбритания).

2014 Рединг университеті. Ғылыми тағылымдама.

Марапаттары:

  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі, 2005 ж.
  • «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медалі, 2006 ж.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ҚР ғылымын дамытуға еңбек сіңіргені үшін» төс белгісі, 2010 ж.
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалі, 2015 ж.
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» медалі, 2020 ж.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы – 2010» стипендиясының иегері.
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы, 2023 ж.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow