Жұмыссыздарға жұмысқа орналасу туралы SMS жіберіледі

Жұмыссыздарға жұмысқа орналасу туралы SMS хабарлама жіберіледі - деп хабарлайды jambylmedia.kz хабар агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 24 790 жұмыссыз азаматқа жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жібереді.
Ұлттық статистикалық бюромен бірлесіп, 1414 қызметі арқылы ауыл шаруашылығы халық санағына санақ қызметкері ретінде жұмысқа орналасу ұсынылады. Бұл бастама республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындарын қоспағанда, басқа өңірлерге бағытталған.
Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






