Арқар мен қарақұйрық атқандар қолға түсті
Жамбыл облысында арқар атып, қарақұйрықтарды қырған қаскөйлер қолға түсті. «Сапсан» жедел қызметінің жасағы аң-құсты атқан 10-нан аса адамды рейдтер барысында ұстады.
КСМ: Броконьерлер бір жылдың ішінде табиғатқа 92 млн теңге шығын келтірген. Мыңнан аса рейд кезінде аң аулауға рұқсаты жоқ 682 адам әкімшілік жауапткершілікке тартылды. Тінту кезінде барлығынан қасқалдақ, үйрек, түлкі қоян тұлыптары табылған. Тіпті қаскөйлер қарақұйрық пен арқарларды да аулаған. «Қызыл кітаптағы» жануарларды қырғандар ителгі құсын да шекара асырмақ болған. Қорғауға жататын жыртқыш құстың құны елімізде 4 млн теңгеге бағаланса, Шығыс Азия мемлекеттерінде 5 есе қымбат сатылады. Сондықтан сирек кездесетін құсты аулайтындар сиремей тұр. Бүгінде жалпы шығынның 14 миллион теңгесі ғана өтеліп, 10 қылмыстық іс қозғалған.
НҰРҒАЛИ НИЯЗҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Қызыл кітапқа» енген ителгі құстарын броконьерлер Қырғыз республикасы арқылы шекарадан өткізіп, ары қарай Таяу Шығыс елдеріне жолдайды. Қазіргі таңда қылмыстық 6 іс бойынша істері дәлелденсе ҚР ҚК 337 бабы бойынша яғни 5 мың АЕК айыппұл салуға, немесе 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған немесе шартты түрде шектеу қойылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?