Қой ұрлау үшін қойшы болып жұмысқа орналасқан.

Жамбыл облысы, Шу ауданында ауыл шопаны егесінің қойын ұрлап, сатып отырған. Оның қылмысы дәлелденіп, 3 жылға сотталды. 

Қой ұрлау үшін қойшы болып жұмысқа орналасқан.

Ол қожалық иесінің 203 бас ұсақ малын саудаға салып, 7 млн теңге тапқан. Алдымен мал иесінің сеніміне кіріп, 700-ге жуық бас қойды бағып беруге келіседі. Сөйтіп 3 айдың ішінде бір отар қойды талан-таражға салады. Бірақ жайылымдағы мал басының азайғанын білдірмес үшін, әуелі қозыларын сатқан. Әккі шопан сотта өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ ол материалдық шығынды да өтейтін болды.


"Сәйкесінше ол сот залынан күзетпен ұстауға алынды. Бұдан басқа жәбірленушінің азаматтық талап қоюы толық қанағаттандырылып, сотталған «И» есімді азаматтан 2 млн 400 мың теңге көлемінде материалдық залал өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енді" - деді, Шу аудандық сотының судьясы Бақытжан Мырзалипов. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow