Жамбылда онлайн саудагерлерге қатысты арыз-шағым 3 есе көбейді
Жамбыл облысында онлайн платформаларда сауда жасаушыларға қатысты тұрғындар тарапынан арыз-шағым 3 есеге көбейді -деп хабарлайды jambylmedia хабар агенттігі.
Жыл басынан бері Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 500-ге жуық арыз түссе, оның 147-сі электронды саудаға қатысты.
Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанындағы жағдаймен салыстырғанда 54 өтінішке көп. Тұтынушылар қашықтан тауарға тапсырыс беру заман талабы екенін айтады. Алайда бұл кейбір жеке кәсіпкерлердің жосықсыз болуына жол беріп отыр. Көбіне ғаламторда көрсетілген тауарлар суреттегі нұсқасы мен сапасына сай болмай шыққан. Сондай-ақ сатушылар салып жіберген тауарды айырбастаудан және қайтарудан бас тартқан. Сондықтан қазір құзырлы орган электронды саудаға қатысты тұрғындар өтініші бойынша жұмысты күшейтті. Айта кетейік, ел азаматтары алған тауар сипаттамасы мен сапасына сәйкес келмесе оны 14 күн ішінде қайтаруға құқылы.
СЕКСЕН ҚАСЫМБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
147 арыз-шағым түскен, оның 100-ден астамы қанағаттандырылған. Қалғаны жұмыс үстінде. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 42-4 бабына сәйкес наразылық білдіруге құқықы бар. Яғни жазбаша түрде наразылық білдіреді, ол наразылыққа сатушы 10 күнде жауап беруі керек, 10 күнде жауап бермеген жағдайда біз тексерістер ашып, жауап бергіземіз.
Сіздің реакцияңыз қандай?