Жол жиегін қоршауға 2 млрд теңге бөлінді

Жол жиегін қоршауға 2 млрд теңге бөлінді

Биыл еліміздің өңірлерінде шамамен 11 мың шақырымнан асатын автомобиль жолын жөндеу жоспары бойынша құрылыс жұмысы қарқын алды. Қазір Президент тапсырмасы негізінде транзитті автожол бағыттарын салу мен қайта жаңғырту жүргізіліп жатыр.   

 

Жобадағы жалпы көлем бойынша 5 мың шақырым жол күрделі және орташа жөнделеді. Сонымен қатар 4 мың шақырым тас жолдың бойында жергілікті маңызы бар жол желісін дамыту жобалары іске асады.

Бұл бағытта Жамбыл облысында да жұмыс қызу. Өңірде 4 жоба бойынша 84 шақырым автожол орташа, ал 70 шақырымға жуық автожол күрделі жөндеуден өтіп жатыр. «ҚазАвтожол» тарапы қыстың қамына қазірден кірісіп, жол жиегіне қоршау да қойып жатыр. 

"Қысты күні қардың жолды жауып қалуын тоқтататын қоршауды қоюға мемлекет тарапынан 2 млрд теңге бөлінді.  Жалпы ұзындығы 27 шақырымды құрайды. Жуалы ауданында 12-і, ал Қордай ауданында 15 шақырымға дейін созылады. Былтыр мамыр айында басталған жұмысты биыл тамызда толық аяқтаймыз. Өткен жылғы жұмыс нәтижелі болды, өйткені қыста жолды қар жауып қалу дерегі мүлде тіркелмеді" - деді – «Қазавтожол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Дәурен Амренов.


 Қуаныш Арыстанбек, jambylmedia.kz

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow