Рэшфорд: "Барселонада" жасындай жарқылдаймын!"

«Манчестер Юнайтедтен» «Барселонаға» жалға берілген шабуылшы Маркус Рэшфорд каталониялық клубқа тіркелуіне қатысты пікір білдірді.

Рэшфорд: "Барселонада" жасындай жарқылдаймын!"

"Тіркелуіме қатысты еш алаңдамаймын. Бұл мәселені клуб шешуі керек деп ойлаймын және оның орындалатынына сенімдімін.
Мен жаттығуға және маусымның басталуына дайындалуға тас-түйін кірістім. Мен ұжыммен бірден араласып кеттім, команда мен жаттықтырушыға бейімделіп жатырмын" деді Решекең!

Бұл клубта көптеген мықты ойыншы бар, бірақ "Барселона" мықтылардың мекені екенін бұрыннан білетінмін. Ойынның өзгеше өрнегі, сапасы, қарқыны өте жоғары, біз маусым бойы сол деңгейді сақтауымыз керек. Мен жасындай жарқылдап, өзімді максималды түрде көрсетуге тырысамын ", - деді ағылшындық жампоз.

Қуаныш Арыстанбек - Jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow