Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға үндеу жасады

Қазақстанда қызылшаға байланысты жағдай әлі тұрақталған жоқ. Мәселен бір ғана Астана қаласында 81 адам жұқтырған. Алматы қаласында – 48, Атырау, Алматы, Қостанай облыстарында  57 жағдайдан, Батыс Қазақстанда 29 адамнан қызылша анықталған.

Мәселеге қатысты салалық министр Ақмарал Әлназарова ата-аналарға үндеу жасады. Айтуынша, иммундау шараларын күшейте түсу керек. Бұл балалардың қауіпсіздігі үшін басты назарда болуы тиіс екенін айтты.

Қазір барлық өңірде 6-10 ай аралығындағы сәбилерге вакцина салынып жатыр.  Бұрын екпе алмаған 2 мен 5 және 7 -18 жас аралығындағы балаларға да салынады.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Қызылша жай ғана балалар инфекциясы емес. Бұл ауру өкпенің қабынуына, яғни пневмонияға, отитке, орталық жүйке жүйесінің зақымдануына әкелуі мүмкін. Ал сирек жағдайларда өлім қаупі де бар. Әсіресе, ерте жастағы балалар өте осал келеді. Қазіргі таңда қорғанудың ғылыми тұрғыдан дәлелденген, жалғыз сенімді жолы – вакцинация.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow