Жасыл жоба: 880 мың жер үйді қуатпен қамтуға мүмкіндік береді

Жасыл жоба: 880 мың жер үйді қуатпен қамтуға мүмкіндік береді

Сарысу ауданында салынып жатқан жасыл жоба 880 мың жер үйді жарықпен қамтуға мүмкіндік береді. Демек ауылды жерлерді қуат көзімен қамтуда мәселе туындамайды. Ал бұл тек ауыл айналасына ғана жарық жетеді деген сөз емес, бұл – агро сала кешендері мен автодәліздер бойына, агроөнеркәсіп саласындағы барлық құрылымдарға тоқ көзінің тапшылығын тундатпайды деген сөз.

 

Нақтылай жазсақ, Жамбылда Президенттің жасыл энергияны дамыту тапсырмасы бойынша Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды. Қуаты 1 гигаватт болатын жоба аясында сыйымдылығы 600 МВт/сағат энергия жинақтау жүйесі де салынып жатыр.

 

Сарысу ауданында басталған ірі жобаға Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары 742 млрд теңге жұмсап отыр. Енді алда 440 гектар аумаққа 100-ден астам жел генераторы орнатылады. Заманауи қондырғылар жыл сайын сағатына 3,4 миллиард киловатт электр энергиясын өндіреді. Бұл дегеніміз 880 мыңнан астам жеке сектордағы үйді жасыл қуатпен қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы нысан жасанды интеллект негізіндегі заманауи технологиялар арқылы басқарылатын болады.

 

ҚАЙРАТ МАҚСҰТОВ, "САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Бұл жоба оңтүстік өңірді,  электр энергия тапшылығын азайтуға оң әсер етеді. Ал инвестицияға келсек, инвестиция жобасы шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларын құрайды. Нысанды пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow