250-ден астам дәрігер 2,1 млрд теңгеден астам соммаға біржолғы жәрдемақы алды

250-ден астам дәрігер 2,1 млрд теңгеден астам соммаға біржолғы жәрдемақы алды

Денсаулық сақтау 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша аналар өлімінің көрсеткіші 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,7 %-ға төмендеп, 100 мың тірі туылған балаға шаққанда 12,0-ден (2024 ж 6 ай. - 22 жағдай) 10,8-ге азайды (2025 ж. 6 ай - 18 жағдай). 

Сондай-ақ нəрестелер өлімінің көрсеткіші 26,3 %-ға (2025 ж. 5 ай – 1000 тірі туылғанға 5,94, 2024 ж. 5 ай - 8,06), жарақат пен уланудан болатын өлімжітім көрсеткіші 11,17 %-ға (2024ж. 5 ай - 49,06; 2025ж. 5 ай - 43,58) төмендеді.

Кадрлық қамтамасыз ету 53 2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын 11626 маман тəмамдады (2024 жылы – 10570), оның үштен екісі өңірлік бөлу бойынша медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасатын болады.

2025 жылы өңірлердің өтінімдері мен сұранысын ескере отырып, 5 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Арнаулы балалар мамандарының тапшылығын жою үшін резидентурада 14 жаңа мамандық ашылды (балалар кардиологиясы, эндокринология, гастроэнтерология, жақ-бет хирургиясы және т.б.).

Анықтама: 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша денсаулық сақтау саласының 275 мыңға жуық маманы жұмыс істейді, оның 83 мыңнан астамы – дәрігерлер, ал 191 мыңға жуығы – орта медициналық персонал.

2023 жылмен салыстырғанда дәрігерлердің тапшылығы 20 %-ға, ал орта медициналық қызметкерлердің тапшылығы 7 %-ға қысқарды. Қазақстанда дәрігерлермен және орта медициналық персоналмен қамтамасыз ету ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерінен асып түседі.

Өңірлерге мамандарды тарту үшін мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылуда: кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру жүйесі, 186 мыңнан астам маман сақтандырылған.

5 жылдан астам мерзімге ауылға жұмысқа шығатын тапшы мамандықтар бойынша 254 дәрігер жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам сомаға 100 ЕТЖ (8,5 млн теңге) мөлшерінде біржолғы жәрдемақы алды.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Дəрілік заттарға баға белгілеудің ашықтығын арттыру мақсатында шекті бағаларды қалыптастыру тетігі қайта қаралды: артық шығыстар алып тасталды, генериктердің шекті бағасы бастапқы препараттар құнының 30 %-ына дейін төмендетілді. Тек ТОП-20 шығыны көп препараттар бойынша болжамды үнемдеу шамамен 18 млрд теңгені құрайды.

 

Жалпы ТМККК жəне МӘМС жүйесі шеңберінде шекті бағалардың 19 %-ға, көтерме жəне бөлшек сауда сегменттерінде 30 %-ға дейін төмендеуі күтілуде (ерекше және жоғары технологиялық препараттарды қоспағанда, дәрілердің 90 %-дан астамы).

«Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша дәрілік заттарды тіркеу мерзімі 100 жұмыс күніне дейін қысқартылды, реттеушілік беделі жоғары елдер (АҚШ, Еуропалық Одақ елдері, Ұлыбритания, Жапония) үшін 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жеделдетілген тіркеу енгізілді.

Отандық фармацевтикалық өндіріс Отандық өндірістегі дəрі-дəрмектердің үлесін 2029 жылы 50 %-ға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдануда.

207 қазақстандық тауар өндіруші қызметін жүзеге асырады (2023 54 жылы – 193), оның 43-і дəрілік заттар шығарады.

Анықтама: былтыр фармацевтикалық өнім көлемі 22 %-ға ұлғайып, 171,6 млрд теңгені құрады, тартылған инвестициялар көлемі 2 есеге (46,9- дан 91,3 млн АҚШ доллары) ұлғайды. 2024 жылы экспорт көлемі 32,9 %-ға артып, 52,1 млн АҚШ долларын құрады.

34 қазақстандық тауар өндірушімен 10 жылға дейінгі мерзімге 151,4 млрд теңге сомасына 2 466 фармацевтикалық өнім атауын шығаруға 90 ұзақмерзімді шарт, сондай-ақ Pfizer (АҚШ), Hoffmann-La Roche (Швейцария), AstraZeneca AB (Ұлыбритания (британ-швед)) компаниясымен 6 түпнұсқа дəрілік затты жеткізуге 3 ұзақмерзімді келісімшарттық өндіріс шарттары жасалды.

Жаңа тетіктер ендірілуде – бірқатар преференциялары бар инвестициялар туралы келісімдер.

Индустриялық жəне арнайы экономикалық аймақтар шеңберінде дәрілік заттарды өндірушілер үшін ерекше жағдайлар қолданылады.

Бүгінгі таңда 653 млн доллар сомасына 7 инвестициялық жоба қаралуда.

Жалпы Қазақстанның фармацевтикалық нарығы көлемінің жыл сайынғы өсімі 10-13 %-ды құрайды.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту Жыл басынан бері барлығы 104,6 млрд теңге, оның ішінде 40 млрд теңге жеке инвестиция тартылды, бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда 12 %-ға артық (2024 жыл: 93 млрд теңге, оның ішінде жеке инвестициялар 54,4 млрд теңге).

Ағымдағы жылдың соңына дейін Риддер қаласындағы көпсалалы аурухана мен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы гематология орталығының, Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы жедел жəрдем станциясының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Анықтама: соңғы үш жылда 633 денсаулық сақтау объектісі салынды. Олардың ішінде ірі объектілер: Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық (бірінші іске қосу кешені), Астана қаласында 200 төсектік Ұлттық жедел медицина үйлестіру орталығы және Алматы қаласында 350 төсектік Ұлттық жұқпалы аурулар ғылыми орталығы бар.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы Ағымдағы жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша жоспарланған 655 объектінің ішінде 508 объектінің құрылысы аяқталды, оның ішінде 2025 жылы 48 МСАК объектісінің құрылысы аяқталды.

Ағымдағы 55 жылдың соңына дейін тағы 147 МСАК объектісін аяқтау жоспарлануда. Денсаулық сақтауды цифрландыру Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмыстары жалғасуда.

Барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді цифрлық сəйкестендіру бойынша «Цифрлық құжат» және Face ID жобасы іске қосылды.

Есеп айырысу мен төлемнің ашық жəне əділ жүйесін құру мақсатында барлық өңірлерде «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» жобасы енгізілді. Медициналық анықтамаларды электрондық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру дəрежесі 87,3 %-ды құрайды. Дəрігерлердің қауіпсіздігін арттыру үшін Астана мен Алматыда жедел жəрдем қызметкерлері үшін бейнежетондарды енгізу бойынша пилот іске қосылды.

Барлық медициналық деректерді шоғырландыру үшін медициналық деректерді бірыңғай сақтау орны құрылады.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow