Жәрмеңкеде 18,2 тонна тауар сатылды

Таразда өткен жәрмеңкеде 18 тоннадан аса ауыл шаруашылығы тауарлары сатылды. Арзан бағада ұсынылған азық-түлік өнімдерінің жалпы құны 11,8 млн. теңгені құрады. 

Жәрмеңкеде 18,2 тонна тауар сатылды

Жергілікті шаруалардың тауарлары нарықтағы бағадан 5-10%-ға арзан болды. Картоп келісі – 280, сәбіз – 110, жұмыртқа – 480 теңгемен саудаланды.  Бұқара барлық өнім бағасы қолжетімді әрі сапалы болғаны үшін әлеуметтік базарға асығатынын айтады. Бұл жолы тауар өндірушілердің қатары артқан. Өйткені қала құрамына өткен Жамбыл және Байзақ ауданындағы бірнеше елдімекен шаруалары да өз өнімдерін ала келген. Биылдыққа делдалсыз сауда алаңы сегізінші рет өткізілді.  

 

«Жалпы жоспарымызда 20 жәрмеңке өткізу білгіленген. Жалпы 10 ауданның қатысуымен қала күнінің мерекесіне орай Тараз қаласының «Орталық алаңында» қараша мен желтоқсан айында кең көлемде жәрмеңке ұйымдастырылатын болады»  – деді, Тараз қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Таңатаров.

  

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow