Әлем жаңалықтары: шағын шолу

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Аляска атырабында өтетін кездесу 75% табысты болады деп сенімді.

Әлем жаңалықтары: шағын шолу

Аляскадағы қонақтар

Бұл туралы ол Fox News Radio-ға берген сұхбатында көсілді. Трамптың толғауынша, көптен күткен кездесудің сәтсіздікке ұшырау ықтималдығы 25% ғана екен.

Azal апаты жайлы аз-кем

Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев Ақтау маңында құлаған «Azerbaijan Airline» (AZAL) ұшағының апатқа ұшырауын қасақана шабуыл деп санамайды. Бұл туралы президент Fox News телеарнасына берген сұхбатында aйтты.

Алайда апатқа кінәлер тиісті жазасын алып, жауапқа тартылуын талап етті. 

«Біздің жалғыз талабымыз — бұл фактіні мойындау. Қылмыскерлердің жазаланғанын және өтемақыны толық төлеуді талап етеміз», – деді Әзірбайжан президенті. 

Израиль Газаны толық басып алмақ

Израиль Қарулы күштері Бас штабының бастығы Эяль Замир Газа қаласын толық басып алу операциясының «негізгі шеңберін» мақұлдағанын хабарлады, деп жазады Anadolu. Бұл ақпарат Израиль армиясының ресми мәлімдемесінде жарияланды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow