Ет экспортына квоталық шектеу қойылды
ҚР АШМ Мал шарушылығы департаментінің директоры Бағлан Аймұрзаев ет экспортына қойылған шектеу жайында айтты.
«Етті экспорттауға тыйым салынған жоқ. Жыл соңына дейін квота негізінде белгіленген шектеу қойылды. Ет өнімдерінің қымбаттауына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Ішкі фактор: өнімнің өзіндік құны өсті. Сыртқы фактор: Қазақстан етіне көрші елдерден сұраныс артты. Бұл - ішкі баланс пен бағаны тұрақтандыру үшін жасалып жатқан шара. Квота 5 мың бастық бордақылау алаңы және ет сою комбинаты бар, әлемдік стандарттарға сәйкес өндірістік циклмен жұмыс жасайтын мекемелерге беріледі», - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?