Ауыл өнімі 8,3 триллион теңгеге жетті
Ауыл әкімдерінің 80%-ы алғаш рет Астанаға жиналып, онда ауылдардың әлеуеті артып жатқаны айтылды. Әрбір ауыл еліміздің ауыл шаруашылығы саласына ауыз толтырып айтатындай қомақты үлес қосып жатыр. Жалпы өнім соңғы алты жылда 1,5 еседен астам өсіп, 8,3 триллион теңгеге жетті. Бұл жайында сәл кейінірек.
Иә, бүгін ел тарихында алғаш рет ауыл әкімдері Астанаға жиналып, олардың тұңғыш диалог-платформасы өтті.
Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің жұмысын ары қарай дамыту міндеттеріне тоқталды. Ауылды өркендету жоспарларын айқындап, ондағы жағдай еліміздің стратегиялық маңызды мәселесі екенін айтты.
Өйткен өнген, өскен әрбір тұрғынның тамыры – ауылда. Ауылдар ажарланса елді берекесі кіреді. Бұл ретта ауыр жүк ауыл әкімдеріне түседі. Оларға қойылатын талап, жүктелетін жұмыстың салмағы батпан. Сондықтан ауыл әкімі ауылдың ұйытқысы болу керектігін тілге тиек етті.
Айта кетейік, бүгінде еліміз бойынша 2 334 ауыл әкімі сайланды. Олардың 80% елорда төрінен табылды.
Президенттің алғашқы Жарлығы да ауылды дамытуға арналған еді. 2022 жылы сайлау алды бағдарламасында да ауыл мәселесіне баса назар аударды. Елдегі ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Бүгінде республика көлемінде аталған құжатқа сай атқарылып жатқан жұмыстар ауқымы артып келеді.
Бұған дейін өткізілген Ауыл еңбеккерлерінің екінші форумында өңір ауылдарындағы өзекті мәселелер баяндалды. Бүгінгі жиында проблемадан — перспективаға жол ашылды. Яғни ауыл-аймақтардың даму бағдары белгіленді.
«2022 жылы халықтың табысын арттыруға арналған кешенді жоспар қабылданды. Биыл Үкімет алдағы 5 жылға арналған Өңірлерді дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ауылға қомақты инвестиция тартылды.
2021 жылдан бері ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 864 нысан салынды. Сондай-ақ 388 жаңа мектеп ашылды. Былтыр 2 мыңға жуық ауыл мектебіне сапалы интернет берілді”, деді - Президент өз сөзінде.
Расында бүгінде ауылдардың потенциалы артуда. Ауыл шаруашылығына ауылдың қосып жатқан үлесі қомақты. Жалпы өнімі алты жылда 1,5 еседен астам өсіп, 8,3 триллион теңгеге жетті.
Биыл ауылдағы шаруаларға 1 триллион теңге көлемінде қолдау көрсеттік. Дәл осындай мемлекеттік қолдау көрсеткен елдер көп емес, тіпті, бұл көптеген ел қол жеткізе алмайтын қаржылай көмек деуге болады.
Ауыл - ел бесігі. Ауыл - төл мәдениетіміздің эталоны! Ауыл - агро саланың эшелоны! Ауылды ажарландыруға әрбіріміз ат салысу керекпіз.
Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?