Жамбыл облысының даму деңгейі қалай?
Алдымен аймақтың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сай жобалар жайына тоқталып өтсек. Сондай-ақ бес жылдыққа бөлінген қаржы көлемін таразыға тартсақ. Бес жылдыққа қаралған қаржыландыру көлемі ауқымды.
Жоспарды іске асыруға 1 520,6* млрд. теңге бағыттау жоспарланды, оның ішінде жылдар бөлінісінде:
2021 жылы – 161,5 млрд. тенге;
2022 жылы – 198,7 млрд. тенге;
2023 жылы – 224,3 млрд. тенге;
2024 жылы – 219,7 млрд. тенге;
2025 жылы – 716,4 млрд. тенге.
Ал аумақты дамытудың пайымы мен перспективасын жазбас бұрын алдымен Жамбыл жерін жағрапиялық жағынан бір шолып шықсақ.
Жамбыл облысының аумағы 144,3 мың шаршы шақырымды немесе республика аумағының 5,3%-ын құрайды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, батыс пен шығыс жағынан Түркістан және Алматы облыстарымен, солтүстік жағынан Қарағанды облысымен, оңтүстігінен Қырғыз Республикасымен шекаралас.
Облыс құрылымында 10 аудан, облыстық маңыздағы Тараз қаласы және аудандық маңызы бар 3 қала - Қаратау, Жаңатас, Шу, 153 ауылдық округ, 367 ауылдық елді мекен бар.
2022 жылғы 1 қазанына Жамбыл облысының халық саны 1 215,5 мың адамды, оның ішінде жұмыс күші 529,8 мың адамды (43,6%). құрады.
Халықтың тығыздығы – 8,4 адам/шқ².
Өз бағыты бойынша облыс индустриалды-аграрлық өңір болып табылады.
Аймақ фосфорит және плавикошпат шикізатының бірегей базасы болып табылады, асыл металдарға – алтын, күміс; түсті металдарға – мыс, мырыш, қорғасын; бейметалдарға – барит, көмір, минералды тұздар; қаптайтын, сәндік және техникалық тастарға, құрылыс материалдарына бай. Оның аумағында Республика фосфориттерінің шамамен 72%-ы, плавикошпаттың 68%-ы, кварциттің 65,1%-ы, алтынның 8,8%-ы, мыстың 3%-ы, уранның 0,7%-ы шоғырланған.
Аумақты дамытудың пайымы мен перспективасы
Жамбыл облысы-аграрлық-индустриялық өңір, оның мамандануы фосфор кендерін өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру болып табылады, көлік-логистикалық әлеуеті жоғары.
Облыс халқының саны 2025 жылы шамамен 1,2 млн.адамды құрайды немесе 8,1%-ға өсетін болады (2023 жылғы 1 қазанына – 1222,0 мың адам).
Облыстың әлеуеті өңдеу өнеркәсібінің (химия, тамақ, құрылыс индустриясы, металлургия және фармацевтика салалары) өсуі, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің ұлғаюы, инвестициялық тартымдылықтың артуы, шағын және орта бизнестің дамуы, сауда байланыстарын нығайту мен дамыту, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша жобаларды іске асыру есебінен дамитын болады.
Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, тұрғын үй қорын және т. б. жаңғырту жолымен қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын жасау үшін жұмыс жалғастырылатын болады.
Білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейтуге құрылыс, сондай-ақ жеке бастамалар есебінен жаңа объектілер құру арқылы қол жеткізілетін болады.
Медициналық қызметтердің сапасы артады және денсаулық сақтау инфрақұрылымы жаңартылады.
Жұмыс істейтін азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыру, әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейту, нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейту және т. б. жолымен облыс халқын әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Ағымдағы ахуалды талдап, таразыласақ...
Жалпы өңірлік өнім. ЖӨӨ 2022 жылы 2685,8 млрд.теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда номиналды тұрғыда 41,2%-ға, нақты – 4,5%-ға өсті. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 3 жылда 32,0%-ға өсіп, 2022 жылы 2 212,2 мың теңгені құрады. Облыс республика өңірлері арасында ЖӨӨ көлемі бойынша 15-ші және жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша 18-шы орында. 2022 жылы ҚР ЖІӨ-дегі Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің үлес салмағы 2,6%-ды құрайды.
2023 жылдың 1 жартыжылдығына ЖӨӨ 1 290,7 млрд. теңгені құрады, НКИ-106,1%.
Еңбек өнімділігі
Жамбыл облысының экономикасындағы еңбек өнімділігі 2020 жылы 3 395 мың теңге/адамға, 2021 жылы 3980,0 мың теңге/адамға дейін ұлғайып, 2022 жылы 4 214,7 мың теңге/адамға жетті. Еңбек өнімділігінің индексі 2020 жылы өткен жылға – 101,3%, 2021 жылы – 108,3%, 2022 жылы – 96,4% құрады.
2023 жылғы 1 жартыжылдығнда экономикадағы еңбек өнімділігі өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі көлемінің 3,1%-ға қысқару есебінен 1,5%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2022 жылы бір жұмыспен қамтылғанға 2099,7 мың теңгені құрады, индексі 104,2% (2020 жылы – 1542,6 мың теңге/адам (107,7%), 2021 год – 1678,8 мың теңге/адам (105,2%)). 2023 жылдың 1 жартыжылдығында индекс 2,7%-ға өсті (493,9 мың теңге/адам).
Көлеңкелі экономика
Жамбыл облысында жалпы ішкі өнімдегі бақыланбайтын экономиканың үлес салмағы 2020 жылы - 0,54%-ды, 2021 жылы - 0,53%-ды, 2022 жылы – 0,51%-ды құрады.
Облыстың ЖІӨ-де бақыланбайтын экономикасының төмендеуі өнеркәсіпте 2020 жылы 0,06%-дан 2022 жылы 0,05-ға дейін, саудада 2020 жылы 0,10%-дан 2022 жылы 0,04-ға дейін, көлік-логистика саласында 2020 жылы 0,09%-дан 2022 жылы 0,05-ға дейін тіркелді.
Құрылыс секторында өндірістің жалпы көлеміндегі бақыланбайтын өндіріс үлесі 2020 жылғы 0,03%-дан 2022 жылы 0,05%-ға дейін ұлғайды.
Облыстың жалпы өңірлік өніміндегі бақыланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі 2020 жылы - 20,06%-ды, 2021 жылы - 19,66%-ды, 2022 жылы – 19,71%-ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі.
Облыс өнеркәсібі 2020 жылғы 518,2 млрд. теңгеден 2022 жылы 881,4 млрд.теңгеге дейін, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 634,3 млрд. теңгеге дейін өсіп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, өсім 3,7%-ды құрады. Өнеркәсіптің негізгі саласы өңдеу өнеркәсібі болып табылады, оның үлесі 3 жыл ішінде 74,0%-дан 71,0%-ға дейін ауытқан, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында – 71,6%. Сала 7 негізгі кіші салалармен ұсынылған: химия (47,8%), тамақ (19,5%), металлургия (12,0%), құрылыс индустриясы (9,2%), машина жасау (3,7%), мұнай өңдеу (2,4%), жеңіл (1,5%), басқалары (3,9%).
2025 жылға дейін Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында құны 1,8 трлн.теңге болатын, 4,6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылатын 42 өнеркәсіптік-инновациялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Үш жыл ішінде 90,0 млрд. теңгеге 27 жоба пайдалануға берілді, 1,9 мың жаңа жұмыс орны құрылды. 2023 жылы 27,7 млрд.теңгеге 4 жоба іске асырылуда (200 жаңа жұмыс орны).
Жыл сайын өнеркәсіпке бағытталған инвестициядан негізгі капиталға салынған инвестицияның орташа 42,0%-ға жуығы өңдеуші өнеркәсіпке бағытталады. 2022 жылы инвестиция 1,6 есе өсіммен 120,0 млрд. теңгеге, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 76,0 млрд. теңгеге дейін жетті.
Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 2020 жылы 380,6 млрд. теңгені (102,8%), 2021 жылы – 453,4 млрд. теңгені (102,6%), 2022 жылы – 627,9 млрд. теңге (112,1%), 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында – 454,3 млрд. теңгені (103,2%) құрады.
Облыста 846 кәсіпорын жұмыс атқаруда, оның ішінде 14 ірі, 21 орта, 811 шағын. Кәсіпорындар республикалық кескінде 100,0% фосфор, 98,5% – натрий үшполифосфатын, 82,0% – гипс, 66,2% – қант, 12,3% – портландцемент өнімдерін өндіреді.
Соңғы 3 жылда цифрлық технологияларды пайдаланатын өңдеу өнеркәсібіндегі ірі және орта кәсіпорындар үлесінің төмендеуі байқалуда (2020 ж. – 4,2%, 2021 ж. – 3,8%, 2022 ж. – 11,1%).
Өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің ең көп үлесі өңірдегі шаруашылық жүргізуші субъектілеріне, оның ішінде Тараз қ. – 63,4%, аудандар бөлінісінде: Мойынқұм – 16,2%, Жамбыл – 5,1%, Талас – 4,1%, Шу – 2,0%, қалған 5-уі 9,2%-ы аудандарына келеді.
Инновация
Инновациялық өнім көлемі 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға төмендеп, 60,8 млрд. теңгені құрады (2020 жылы 12,5%-ға төмендеген (67,4 млрд. теңге)), 2021 жылы 15,1%-ға артқан (77,7 млрд. теңге). Инновациялық өнім көлемі 50,4 млрд. теңгеге (2020 жылы – 63,5 млрд. теңгеге, 2021 жылы – 44,5 млрд. теңгеге) сатылып, экспортталған инновациялық өнім көлемі 10,0 млрд. теңгені құрады (2020 жылы – 8,5 млрд. теңге, 2021 жылы – 8,7 млрд. теңге).
Инновациялық өнім үлесі 5,4%-ды құрайды (2020 ж. – 13,7%, 2021 ж. – 9,2%). 774 кәсіпорынның 42-сі инновациялық белсенді кәсіпорындар (2020 жылы – 100 (732), 2021 жылы – 67 (732)).
Өңірде ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетті қалыптастыруда жоғары оқу орындарының алатын орны ерекше: М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.
Негізгі капиталға инвестициялар.
2020-2022 жылдары облыстың негізгі капиталына инвестициялардың тұрақты өсуі байқалады.
2020 жылғы инвестициялар 350,1 млрд.теңгені (өткен жылға қарағанда 14,6%–ға өсті), 2021 жылы – 398,6 млрд. теңгені (10,2%), 2022 жылы - 428,5 млрд. теңгені (2,3%) құрады.
ҚР-ның жалпы көлеміндегі облыс инвестицияларының үлесі 2022 жылы 2,8%-ды құрады. 2022 жыл қорытындысымен Қазақстан өңірлері арасында облыс көлемі бойынша 15-ші орында, өсу қарқыны бойынша 18-ші орында.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйегіне негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 314,2 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,0%-ға артты. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың технологиялық құрылымында ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар – 62,6%-ды, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары – 33,5%-ды, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар – 3,9%-ды құрады.
Негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты (64,9%), сондай-ақ банктердің кредиттері (2,1%), бюджет қаражаты (17,2%), өзге де қарыз қаражаты (15,8%) болды.
Агроөнеркәсіптік кешен.
Облыс ауыл шаруашылығының ҚР-дағы үлес салмағы 2022 жылы 6,1% құрап, өңірлер арасында 6-орынды иеленді. 2020-2021 жылдары «Агроөнеркәсіптік кешеннің 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде ауыл шаруашылығына 44,3 млрд.теңге субсидия жолданды.
2022 жылы ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде 2021-2025 жылдарға 30,6 млрд.теңге субсидия жолданды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің НКИ 2020 жылы – 105,1% (391,4 млрд.теңге), 2021 жылы – 101,4% (478,1 млрд. теңге), 2022 жылы – 107,4% (579,0 млрд. теңге), 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 93,0% (401,9 млрд.теңге) құрады.
2020-2022 жылдары негізгі капиталға инвестициялар көлемі номиналды мәнде 9,2% ұлғайды. 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте инвестициялар
33,8 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 170,5% құрады. Тамақ өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,1 есе өсті. 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2,5 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 147,4% құрады.
Облыстың жалпы жер көлемі 14427,3 мың га құрайды, онда: ауыл шаруашылығына пайдаланатыны – 4675,7 мың га (32,4%), онда егістік – 785,3 мың га (16,8%). Жер қорының 65% алаңын 8,1 млн. га астам жайылымдар алып жатыр, оның ішінде 3,6 млн. га ауыл шаруашылығы мақсатындағы, 740,5 мың га – елді мекендердің, 1,7 млн. га – орман қорының және 942,6 мың га – босалқы жерлер санаттарында.
Өңірде ауыл шаруашылығын цифрландырудың 2021-2022 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша цифрландырылған алқаптардың үлесі 88,6%-ды құрады.
2022 жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы түсімі (өңдеуден кейінгі салмақта) 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 38,9%-ға (762 мың тонна) артты, орташа өнімділік гектарына 19,8 центнерді құрады. Оның ішінде майлы дақылдар – 23,2% (57,6 мың тонна), ашық топырақтағы көкөністер – 7,8% (1263,5 мың тонна), бақша дақылдары – 20,3% (487,6 мың тонна), картоп – 7,2% (287,1 мың тонна).
Қант қызылшасын өндіру 21,9%-ға (134,4 мың тонна) төмендеді, ол дайын қантты да, оны өндіруге арналған шикізатты да импорттау есебінен болды. Қанттың 13 пайызы ғана өсірілген қант қызылшасынан, қалғаны Бразилиядан жеткізілетін қант құрағынан өндіріледі, соның салдарынан соңғы жылдары оның екпелері азайып барады.
3 жыл ішінде субсидия көлемінің өсуіне байланысты 65,0 млрд. теңгеге 3054 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
Су үнемдеу технологияларының алаңы 40 мың гектарға жеткізілді. 43,0 мың гектар суармалы жерлер қалпына келтіріліп, суармалы жер көлемі 179,8 мың гектарды құрады.
Озық технологияларды енгізудің нәтижесінде интенсивті бақтардың көлемі 1145 гектарға жетті. 2022 жылы 1000 гектар қарқынды бақ отырғызылды, оның жалпы ауданы 2260 гектарды құрады. Бұл бақтардан 7000 тоннадан астам өнім жиналды.
2020-2022 жылдары ІҚМ саны 10,9%-ға, қой мен ешкі – 12,7%-ға, жылқы – 15,4%-ға, түйе – 4,2%-ға, құстар – 16,6%-ға өсті. Тірі салмақта ет өндіру шаруашылықтардың барлық санаттарында 3,1%-ға, сүт – 3,5%-ға, жұмыртқа – 2,5%-ға, жүн – 5,1%-ға ұлғайды.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ІҚМ мал саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда – 5,7%-ға, қой – 9,6%-ға, жылқы – 9,5% ға, құстар – 3,1%-ға өсті. Тірі салмақта ет өндіру шаруашылықтарының барлық санаттарында 3,7%-ға, сүт – 1,4%-ға ұлғайды.
Қордай ауданындағы «Қордай құс» ЖШС кәсіпорнының уақытша тоқтап қалуына байланысты жұмыртқа өндірісі 7,0%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылығын қайта өңдеуде қант өндірісі республикада жоғары үлесті алады: 2020 жылы – 65,0%, 2021 жылы – 58,4%, 2022 жылы – 66,2%.
2020 жылы ауыл шаруашылығы экспорты 26,9 млн. АҚШ долл. құрады, 2021 жыл – 24,0 млн. АҚШ долл., 2022 жыл – 27,0 млн. АҚШ долл.
2022 жылы ауыл шаруашылығы экспортының жалпы көлеміндегі өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 30,7% немесе 8,3 млн. АҚШ долл. құрады (2020 жылы – 15,5 млн. АҚШ долл., 2021 жылы – 12,3 млн. АҚШ долл.).
Үш жыл ішінде ауылшаруашылық кооперативтері 2019 жылғы 181 бірліктен 2021 жылы 298 бірлікке дейін өсті. Жұмысшылар саны 300 адамға жетті. Ауылшаруашылық кооперативтеріне 130 заңды тұлға, 665 шаруа немесе фермер қожалығы және 537 үй кіреді. 2022 жылғы 1 қаңтарда ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың саны 9 666 басты құрады, оның ішінде сүтті табын сиырлары – 130 бас, қойлар – 721 бас, жылқылар – 40 бас. 2021 жылы 12,3 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді (2019 жылы – 4,1 мың тонна, 2020 жылы – 10,4 мың тонна).
2021 жылы инвестиция көлемі 19,2 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба іске асырылды, онда 595 жаңа жұмыс орны, 2022 жылы 183 жұмыс орнымен 4,8 млрд. теңгеге 10 жоба ашылды.
Облыс аудандарының арасында ауыл шаруашылығында ең дамыған аудандары: Шу (20,3%), Қордай (13,8%), Жамбыл (13,3%), Байзақ (12,8%).
Балық шаруашылығын дамыту.
Облыс аумағында республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі және жергілікті маңызы бар 142 балық шаруашылығы су айдыны бар. Қазіргі уақытта 38 балық шаруашылығы су айдыны резервінде тұр.
Балық шаруашылығы мен аквамәдениеттегі өнім (қызмет) көлемі 2019 жылы 377,1 млн.теңгені (НКИ-73,4%), 2020 жылы – 213,4 млн. теңгені (58,4%), 2021 жылы – 350,9 млн. теңгені (162,4%) құрады. 1795 тонна, оның ішінде 1021 тонна тұщы су табан, 198 тонна көксерке, 138 тонна сазан және 89 тонна мөңке балығы ауланды.
3 жыл ішінде тауарлық балық және балық отырғызу материалдарын өсіру бойынша су айдындарының су айнасының жалпы ауданы 20,9 мың га құрады. 215,9 тонна тауарлық балық және 99,5 млн. дана балық отырғызу материалы өсірілді. 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейін тауарлы балықты 105,9 тоннадан 8000,6 тоннаға дейін өсіру жоспарлануда.
Өндірілген өнімнің (қызметтердің) жалпы көлеміндегі негізгі үлесі Жамбыл (48,2%), Мойынқұм (30,1%), Байзақ (13,2%) аудандарына тиесілі.
Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі. Орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 2020 жылғы 87,2 млрд. теңгеден 2021 жылы 104,6 млрд. теңгеге дейін өсті. 2022 жылы 150,5 млрд теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымындағы ЖҚҚ үлесі 2020 жылы 4,6%, 2021 жылы – 4,6%, 2022 жылы – 4,3% құрады.
Орта кәсіпорындардың экономикадағы жағдайы тұрақты емес, өйткені әр түрлі дағдарысты олар бірінші болып сезінеді. Құлдыраудың негізгі себептері импортқа тәуелділік және шетелдік әріптестермен есеп айырысулар жүргізілетін басқа елдердің валюталарына қатысты ұлттық валютаның айырбас бағамының ауытқуларына сезімталдық болып табылады. Осындай ықпалмен БК өсу қарқыны баяулады, бірақ қазіргі уақытта оң динамика сақталуда.
ШОК-тың ЖӨӨ-дегі үлесін арттыру, кәсіпкерлік субъектілерінің ағымдағы жағдайын толық бағалау үшін «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы Тараз қаласы мен облыс аудандарында ШОБ субъектілеріне скрининг жүргізді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың үлесі өңір бойынша орта есеппен 51,5%-ды құрайтыны анықталды. 72,8 мың ШОБ субъектілерінің 37,4 мыңы жұмыс істейді – оларда 151 мың адам жұмыспен қамтылған. Қосымша жүктеме мен қаржылық емес қолдауға (өткізу, білікті кадрларға қажеттілік, қойма үй-жайлары, айналым және негізгі құралдарды толықтыру, кәсіпорынды кеңейту) жәрдемдесуді қажет ететін осы кәсіпорындардың тізілімі жасалды.
Бизнестің Жол картасы іске қосылған сәттен бастап өңірде сомасы 211,8 млрд.теңгеге 9065 жобаға қолдау көрсетілді. Нәтижесінде, бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері 16,4 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 5,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісі 2020 жылмен салыстырғанда 34 ұйымға ұлғайып (3113 орынға), 59967 бала санын құрайтын 585 бірлікті құрады.
2023 жылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 92,1%-ды (2020 жылғы деңгейден 0,4 пайыздық тармаққа жоғары), 3 жастан 6 жасқа дейін 100%-ды құрады. 2023 жылдың 1 қазанына облыстағы 585 мектепке дейінгі ұйымдарда 60 мыңға жуық бала тәрбиеленуде.
Облыстың 446 мектебінде 234,3 мың бала білім алуда. 2020 жылмен салыстырғанда 2022 жылы оқушылар саны 2,1 мың балаға кеміді. (2020 ж. – 238,7 мың оқушы, 2021 ж. – 238,7 мың оқушы, 2022 жылы - 236,6 мың оқушы). Барлық мектепте 10357 дана бейнебақылау камералары орнатылған, 3719 (35,9%) ғимараттың сыртында, 6638 (64,1%) ғимараттың ішінде орналасқан.
2020-2021 жылдары облыста 17 мектеп салынып, пайдалануға берілді (апатты мектептер орнына - 3, үш ауысымды мектептерді жою үшін - 5, оқушы орындарының тапшылығын жою үшін - 3, ескі мектептердің орнына - 6).
2022 жылы 18 мектеп, 2 мектептің қосымша ғимарат құрылысына және 1 оқушылар сарайына 7,0 млрд. теңге қаржы қарастырылды, сонымен қатар 8 мектеп (Байзақ-2, Жамбыл-1, Жуалы-2, Қордай-1, Тараз-2) және 1 қосымша білім беру ұйымы (Тараз қаласындағы Оқушылар сарайы) пайдалануға берілді.
2023 жылы 25 білім беру нысанының (17 мектеп, оның ішінде 7 «Жайлы мектеп», 8 мектепке қосымша ғимарат) құрылысына 23,1 млрд.теңге бөлінді.
2023 жылы 8 мектеп пайдалануға берілмек (Байзақ ауданында - 600 орындық 1 мектеп, Қордай ауданында - 600 орындық 2 мектеп, Тараз қаласында – 5000 орындық 4 мектеп). 2023 жылдың 1 қыркүйегіне 1 мектеп пайдалануға берілді (Жамбыл ауданы Шоқай ауылындағы 150 орындық мектеп).
Облыста мүмкіндігі шектеулі балалар саны 2020 жылы 7944, 2021 жылы 7898, 2022 жылы 7 922 бала тіркелсе, 2023 жылдың 9 айында облыста 8200 мүмкіндігі шектеулі бала тіркелді.
Облыста ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға білім беру, түзету-оңалту қызметтерін көрсететін 25 арнайы мекеме жұмыс істейді (7 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы, 4 арнайы мектеп-интернат, 12 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттері, 1 оңалту орталығы, 1 аутизм орталығы).
Жалпы білім беретін мектептер мен арнайы білім беру ұйымдарында жалпы саны - 336 арнайы педагогтар жұмыс атқарады. 2022-2023 оқу жылында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын 6954 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында пандустар, тактильді жолдар, кең есіктер және т.б. орнатылған.
2022 жылы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде, оңалту және аутизм орталықтарында, ресурстық орталықтар мен инклюзияны қолдау кабинеттерінде – 4612 балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілсе, 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 2463 балаға түзету-оңалту көмегі көрсетілді.
2020-2021 жылдары облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін жалпы сомасы 2148,2 млн. теңгеге жаңа модификациядағы 267 оқу кабинеттері (2020 ж. – 48 кабинет, 258,7 млн. теңге), (2021 ж. – 219 кабинет, 1 889,5 млн. теңге).
2022 жылы жаңа модификациялы кабинеттер (химия, физика, биология), робототехника кабинеттері, IT кабинеттері, мультимедиялық кабинеттер, еңбек кабинеттері, мектеп жиһаздары, асхана жабдықтары (тоңазытқыш, газ плитасы және т.б.), спорттық жабдықтар сатып алуға, компьютерлер және т.б. 446,6 млн.теңге бөлінді.
2023 жылы жаңа модификациядағы (химия, физика, биология) 90 кабинет сатып алуға 776,4 млн. теңге, робототехника бойынша 5 кабинет пен 5 STEM зертханасын сатып алуға 72,5 млн. теңге бөлінді.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында облыс мектептерін тиісті құрал-жабдықтармен жабдықтауға 1 765 млн. теңге бөлінді (турникет, дабыл түймелері, ескерту жүйелерін орнату, бейнекамераларды ауыстыру, бейнебақылау және арнайы күзет жүйесін интеграциялау).
2018 жылы өткізілген PISA халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша Жамбыл облысының оқушылары «Математикалық сауаттылық» бойынша - 456 балл (республика 423 балл) көрсетіп, республика бойынша І орынды иеленді.
2022 жылдың 7 қараша мен 15 желтоқсан аралығында облыс өтетін «Мектептерге арналған PISA» негізгі зерттеуіне Жамбыл облысынан 70 білім мекемесі мен 3 колледж іріктеліп алынды. Нәтижесі 2023 жылдың желтоқсан айында белгілі болады.
Облыстың барлық мектептерінде экология бойынша таңдау курстары өткізіледі. 2022-2023 жылында 210 экологиялық тірек мектебінде 23 944 оқушының қатысуымен экологиялық курстар мен үйірмелер өткізілді.
2021-2022 оқу жылынан бастап 360 мектепте 6-сыныптан бастап «Экология» таңдау курсы енгізілді.
3 жыл ішінде мектептен тыс мекемелер саны 76 бірліктен 78-ға дейін ұлғайды, балаларды қамту 955 оқушыға артты (2020 ж .- 66603 бала, 2021 ж. -67615 бала, 2022 ж. - 67796, 2023 ж. 9 ай - 68570).
Жалпы білім беретін мектептердің 2943 спорт секциясында 106365 оқушы қатысады. Сондай-ақ, «Артспорт» жобасы бойынша мемлекеттік тапсырыспен 6614 бала қамтылды. Спорт секцияларында барлығы 112980 оқушы шұғылдануда.
Қосымша біліммен қамтылған балалардың үлесі - 80,3% (2020 ж. – 64,8%, 2021 ж. – 74,5%, 2022 ж. – 75,5%, 2023 ж. 9 айы – 81,1%).
Облыста 44 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 26 604 студент білім алуда. Оның 21 колледжінде 2 528 ІТ саласында білім алуда.
Облыста Жамбыл инновациялық жоғары колледжі ІТ саласының мамандықтарын (Бағдарламалық қамтамасыздандыру) Силикон алқабындағы үздік ІТ-компаниялардың біліктілік талаптарына сәйкес үш тілде оқытуда.
Аталған білім беру мекемесінде 397 контингенттің, 226-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ІТ саласында оқиды.
2023 жылғы колледж түлектері – 386-ы құрайды. Олардың жұмысқа орналасуы - 132 (34,2%) құрайды.
Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес осы мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысымен 2020 ж. - 365 орын, 2021 ж. - 342 орын, 2022 ж. – 881 орын, 2023 ж. - 664 орын бөлінді.
371 ЕМ-нің 363-і (97,8%) түрлі жиіліктегі интернетпен қамтамасыз етілген.
371 ЕМ-нің 193 (52%) елді мекені талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген.
Радиорелелік байланыспен (көп нүктелі нүкте) 96 елді мекен қамтылған, оның ішінде ТОБЖ-сыз 34 АЕМ, 5187 абонент қосылған.
Жылдамдығы жоғары мобильді интернетпен 371 елді мекеннің 310 (83,5%) елді мекені (3G және 4G технологиясы бойынша), жылдамдығы төмен 61 елді мекені (16,4%) (2G) қамтамасыз етілген.
Денсаулық сақтау. Соңғы 3 жылда 1000 адамға шаққандағы бала туу коэффициенті 25,71-ден 22,01-ке дейін төмендеді. 1000 адамға шаққанда нәрестелер өлім-жітімінің коэффициенті 6,86-дан 7,22-ке дейін өсті.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 70,63-тен 74,87 жасқа дейін жоғарылады. 1000 адамға шаққанда жалпы өлім-жітім коэффициентінің 8,05-тен 5,98-ге дейін төмендеуі байқалады.
Ана өлімі (8 жағдайдан 3 жағдайға дейін) 35,0-ден 11,8-ге дейін төмендетеді.
2023 жылдың 9 айында 1000 адамға шаққанда жалпы өлім көрсеткіші 5,82 нәресте өлімі - 7,84 құрады. 2023 жылдың 9 айында ана өлімінің 5 жағдайы тіркелді.
Өлім себептерінің құрылымында қан айналымы жүйесінің ауруынан 2020 жылы 146,2-ден 2022 жылы 104,7-ге дейін 28,3%-ға төмендеді. Туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 2020 жылы 2,0-ден 1,0-ге дейін төмендеді.
Қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші 2020 жылы 71,4-тен 2022 жылы 63,6-ға төмендеді. Аурушаңдық пен өлім-жітімді төмендету мақсатында Облыстық онкологиялық орталық пайдалануға берілді.
Жыл сайын салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үлесінің өсуі байқалады. 3 жылда салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 2020 жылы 7 958 іс - шара, 2021 жылы 21 440 іс-шара, 2022 жылғы 9 896 іс-шара өткізілсе, 2023 жылдың 9 айында 129 567 адамды қамтитын 4 411 іс-шара өткізілді.
Жалпы облыста барлығы 391 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді (о.і: аурухана - 24, қалалық емхана - 25, дәрігерлік амбулатория - 122, ФАП - 53, МП – 157, санаторийлер - 1, оңалту орталықтары - 3, басқалар - 6).
265 ауылдық елді мекен тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін 10 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды, онда 100 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетілді.
2020-2022 жылдары 33 нысан пайдалануға берілді (2020 жылы - 1, 2021 жылы – 9, 2022 жылы -23) және 24 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді.
2023 жылдың 9 айында 21 денсаулық сақтау нысанының құрылысы (о.і. 5-уі 2022 жылдан өтпелі), 1,4 млрд. теңгеге 10 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (6 нысан аяқталды). Денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі жыл басында 40,8%-ды құрады. Жыл соңында 38,3%-ға төмендеу жоспарлануда.
Жүкті әйелдерді босануға дейінгі жеке және салааралық бақылаумен қамтуды ұлғайту деңгейі 4,1 пайыздық тармаққа артып, 85,9%-ды құрады (2022 ж.-82,5%).
Балалар арасындағы семіздік (0-14 жас) 7,5-тен 22,0-ге дейін өсті. 2023 жылдың 9 айында 24,2-ні (2022 жылы - 7,7) құрады.
Өңірде репродуктивті денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін жастар денсаулығы орталығы ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, «Дұрыс тамақтану және балалар арасындағы семіздіктің алдын алу» жобасын қоса алғанда, профилактикалық бағыттағы 10 жобаны қамтитын Үздік тәжірибе орталықтарының жобалары қосымша енгізілген.
Өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығын сақтау, дене шынықтыру белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылы облыс бойынша 6582 адамды қамтыған 1227 іс-шара өткізілді (оның ішінде 20 семинар-тренинг, 25 акция, 251 дөңгелек үстел отырысы, 4 конференция, денсаулық мектептерінде 432 сабақтар, 66 ашық есік күні, 247 ата-аналар жиналысы, 24 пікірсайыс, пікірталас, кездесу, 209 кеңес және сұхбат, 19 басқа да іс-шаралар).
Халықтың медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 2022 жылдың қорытындысымен 60%-ды құраса, 2023 жылдың наурыз-сәуір айындағы пікір терім қорытындысы бойынша 60,4%-ды құрап, 0,4%-ға өсім көрсетті.
3 жыл ішінде 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамту 0,3%-ға өсті (2020 жылы-13 965 бала, 2021 жылы - 16 754 бала, 2022 жылы – 14 001 бала). 2023 жылғы 9 айының қорытындысымен 84,6%-ды құрады.
2020 жылы 967 қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді. 2021 жылы Жамбыл және Байзақ аудандарының орталық ауруханаларында телемедицина кабинеттері ашылды. 8 орталық аудандық ауруханаларда ескі жабдықтар жаңаларына ауыстырылды. 2021 жылы көрсетілген телемедицина қызметтер саны 1238. 2022 жылы 1 353 телемедициналық кеңес берілді, медициналық ұйымдармен жалпы 2 531 062 қызмет көрсетілген, оның ішінде 148 715 (5,9%) қашықтықтан онлайн кеңес берілді.
2023 жылдың 9 ай қорытындысымен 1 958 279, оның ішінде 102 604 (5,2%) қашықтықтан онлайн кеңес берілді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту – 41,1%-ды құрап отыр (2022 жылдың ұқсас кезеңінде 42,2%).
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл пысықтау міндеттемесімен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін резидентурада 86 дәрігер оқиды. 2020 жылы түскен 12 дәрігер (акушер-гинеколог-3, Невролог-3, анестезиолог-реанимотолог-3, неонатолог-3), 2021 жылы түскен 32 дәрігер (анестезиолог-реанимотолог-6, неонатолог-2, гематолог-3, ревматолог-2, психиатр-1, гастроэнтеролог-1, травматолог-ортопед-3, пульмонолог-2, аллерголог және иммунолог-1, балалар хирургиясы-2, невролог-4, онколог-5), 2022 жылы түскен 30 дәрігер (педиатр-1, гематолог-1, онколог-1, кардиолог-4, радиолог-1, травматолог-ортопед-5, невролог-2, офтальмолог-2, оториноларинголог-3, физикалық медицина және реабилитация-4, гастроэнтеролог-3, психиатр-1, неонатолог - 2), 2023 жылы түскен 12 дәрігер (анестезиолог-реанимотолог-1, кардиолог-5, кардиохирург-2, нейрохирург-2, психиатр-2).
Облыстағы фармацевтикалық өнімнің негізгі өндірушісі «Super Pharm» ЖШС болып табылады - 2011 жылы құрылған медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру зауыты (бір реттік медициналық киім, бахилалар, қолғаптар, маскалар және т.б.), қуаттылығы - жылына 15 млн. дана.
2022 жылы фармацевтика саласындағы өнім көлемі 6,9 млрд. теңгені, 2023 жылдың 9 айында 2,2 млрд. теңгені құрады.
Медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде 2018 жылғы шілдеден бастап «Тіркелген халық тізілімі» ақпараттық жүйесіне 1,2 млн. электрондық денсаулық паспорты енгізілді, бұл қосылғандар санының 100%-ын құрайды.
Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жөніндегі «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы №175/2020 бұйрығына сәйкес 233 бастапқы медициналық құжаттама нысандарының 208-і толығымен сандық форматта медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізілген.
Халықтың табысы. Жамбыл облысы жалақысы мен табыс деңгейі төмен өңірлерге жатады, бұл бірінші кезекте жалдамалы жұмыспен қамтылғандардың 40%-дан астамын жалақысы белгіленген білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері құрайтындығына байланысты.
2019 жылдан бастап облыста «Халықтың табысын арттырудың пилоттық жобасы», «Ауыл - Ел Бесігі» арнайы жобасы асырылуда. 44 мыңнан астам педагогтың, 3 мыңнан астам дәрігердің және 12 мыңдай орта медициналық персоналдың, 2 мыңға жуық мәдениет саласы қызметкерлерінің және 2 мыңнан астам спорт саласы қызметкерлерінің жалақысы өсті.
Соңғы 3 жылда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалы табыстары 80 516 теңгеден 121 857 теңгеге дейін артты (Кесте 1). Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2020 жылғы 156 846 теңгеден 2022 жылы 234 526 теңгеге дейін артты.
2023 жылдың 3 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды тұлғалауда 19,1%-ға, нақты 5,3%-ға өсіп, 257 688 теңгені құрады.
Еңбекақының ең жоғары шамасы міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызметте – 834 032 теңге, ең төменгісі - құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызметте – 69 028 теңге белгіленді.
Өңірлік бөліністе облыстың ең жоғары жалақы – 311 865 теңге Жамбыл ауданында, ең төменгісі – 213 771 теңге Талас ауданында байқалады.
Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?