Келесовты кабинетінен алып кетті
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысын жұмыс кабинетінде ұстап әкетті, деп хабарлайды jambylmedia хабар агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен өзге де құқық қорғау органдары бірлесіп, облыс әкімдігіне қарасты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовті жұмыс бөлмесінен алып кетті. Ал оның кабинетіне кіруге тыйым салынып, арнайы мөрмен жабылды.
Бұған қатысты құқық қорғау органдары ресми хабарлама таратпады.
Келесов 2023 жылдың тамызында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалған болатын. Ал сол жылдың желтоқсанында екінші рет әлеуметтік саладағы басқармаға (бүгінгі қызметі) басшы болған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?