Статистика сөйлесін...

Статистика сөйлесін...
Жамбыл облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы қандай? Жекелей тоқталайық. 
Халық саны және көші-қоны

2025 жылғы 1 қазанға облыс халқының саны 1216,8 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 537,7 мың адам (44,2%), ауыл тұрғындары – 679,1 мың адам (55,8%).

Халықтың табиғи өсімі 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте 11075 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 12840 адам).

2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте туылғандар саны 16585 адамды құрады (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 9,8% кеміді), қайтыс болғандар саны 5510 адамды құрап (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен 0,8% азайды).

Көші-қонның теріс айырмасы -16617 адаммен қалыптасып (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте – -12460 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда теріс көші-қон айырмасы – -288 адам (-286), ішкі көші-қонда теріс көші-қонның айырмасы – -16329 адам (-12174 адам).

Еңбек және табыс

2025 жылғы IІI тоқсанда жұмыссыздар саны 26122 адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8%.

2025 жылғы 1 қарашаға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 20779 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,8% болып қалыптасты.

2025 жылғы IІI тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 308058 теңгені құрап, өсім 2024 жылғы IIІ тоқсанға 10,2% құрады.

2025 жылғы ІII тоқсанда нақты жалақы индексі 99,5% болып қалыптасты.

2025 жылғы II тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 168255 теңгені құрады. 2024 жылғы II тоқсанға қарағанда 7,9% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 98,4%.

Салалық статистика

2025 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1081834,6 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-қазанымен салыстырғанда 17% өсті.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 40,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 12%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 9,4%, сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою бойынша қызметте – 4% артты.

2025 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 458535,9 млн. теңгені немесе 2024 жылғы қаңтар-қазанымен салыстырғанда 103,1% құрады.

2025 жылғы қаңтар-қазанда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 33071,9 млн. ткм құрады (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2024 жылғы қаңтар-қазанымен салыстырғанда 90,5% құрады.

Жолаушы айналымы 1612,6 млн. жкм құрады немесе 2024 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 88,2% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 271256,6 млн. теңгені немесе 2024 жылғы қаңтар-қазанымен салыстырғанда 118,8% құрады.

2025 жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 1,7% өсіп, 586,7 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 11,2% (195,5 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 1,6% (387,2 мың шаршы метр) азайды.

2025 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 553640,3 млн. теңгені немесе 2024 жылғы қаңтар-қазанымен салыстырғанда 138,3% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15469 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес күнімен салыстырғанда 1 бірлікке азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 15054 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12298 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 11883 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 12286 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес күнімен салыстырғанда 0,3% азайды.

Экономика

2025 жылғы қаңтар-маусымға жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1550553 млн. теңгені құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 7,9% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 36,7%, қызметтер көрсету – 61,3% құрады.

Тұтыну баға индексі 2025 жылдың қазанда 2024 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда 109,6% құрады.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер – 10,6%, азық-түлік тауарларының бағалары – 10,2%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 8% өсті.

2025 жылдың қазанында 2024 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 12,8% қымбаттады.

2025 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 469076,7 млн. теңгені құрады немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8% көп.

2025 жылғы қаңтар-қазанда көтерме сауда көлемі 371420,4 млн. теңгені құрады немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,7% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЕАЭО елдерімен өзара сауда 269,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 34,5% көбейді, оның ішінде экспорт – 118 млн. АҚШ долларын (46,1% өсті), импорт – 151,9 млн. АҚШ долларын құрады (26,7% көбейді).

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow