Жамбылдың жолын жөндеуге 28 млрд теңге бөлінді
Елімізде автожолдар саласын дамытуға орасан зор көңіл бөлінуде.
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Ел экономикасының дамуына автомобиль жолдарының қосар үлесi мол.
Елімізде автожолдар саласын дамытуға орасан зор көңіл бөлінуде.
Жамбылда да автомобиль жолдары саласында атқарылып жатқан игілікті істер жеткілікті. Ішкі өңірлік жолдардың жағдайын жақсарту аясында аудандарда және олардың арасындағы көліктік байланыстарды жақсарту үшін, жергілікті жолдар мен ауылдық елді мекен көшелері кезең-кезеңімен жөндеулерден өтуде.
Облыста автомобиль жолдарының жалпы желісі 10 084 шақырым.
Оның ішінде,
республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – 1204 шқ,
облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 1697 шқ,
аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 1451 шқ,
елді-мекендер көшелерінің – 5732 шқ.
2025 жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге жалпы 28,0 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаражат есебінен:
- 17,7 шақырым көше жолдары мен 6 көпірдің құрылысы;
- 8,0 шақырым жолды қайта жаңғырту;
- 444,6 шақырым жолды орта жөндеу жобалары іске асырылуда.
Оның ішінде:
• 62,1 шақырым – облыстық маңызы бар жолдар;
• 50 шақырым – аудандық маңызы бар жолдар;
• 332,5 шақырым – елді мекен көшелері.
Сапаны арттырудың тағы бір жолы — жол жөндеу жұмыстарында жаңа технологияларды пайдалану. Соңғы жылдары бұл бағытта облысымызда реджувасил, миркосюрфейсинг, суық ресайклер және қиыршық тасты мастикалық асфальт-бетон, суық ресайклер технологиясы кеңінен қолданылып, өзінің оң нәтижелерін беруде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесін 99,5%-ға /Республика бойынша көрсеткіш 89%/, ал елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 89%-ға жеткізу межеленген.
Республикалық маңызы бар автожолдарға келетін болсақ, соңғы жылдары мемлекеттiк бағдарламалар аясында ірі магистралды жолдар салынып, күрделі жөндеуден өтуде. Оның ішінде, өте маңызды және iрi жобалардың бiрi «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізі жобасы аясында республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының салынуы. Бұл тиімді және бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру, транзитті және көлік қызметтерін дамыту, экономикалық өсуге және ел халқының өмір сүру деңгейін арттыруға өз үлесін қосқаны анық.
Оның дәлелі ретінде аталған дәлізбен көлік қозғалысының қарқындылығы тәулігіне 7-8 мыңнан, бүгінде 20-25 мың өсуін келтірсек болады.
Осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде, қазіргі таңда, республиканың оңтүстік бөліктерін солтүстікпен байланыстыратын күре тамыр «Алматы-Астана», «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолдарын қайта жаңғырту жобалары іске асырылып, аяқталу сатысында.
Одан бөлек, «Шу-Қайнар», «ескі Күйік асуын айналып өту» автожолдары күрделі жөндеуден өтуде.
Нәтижесінде, өңірдегі барлық республикалық маңызы бар автожолдар жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық жолдардың үлесі 96%-ға жетіп, жалпы өңірдің дамуына өз үлесін тигізетін болады.
Оның ішінде:
- автомобиль көлігімен 851,1 мың тн
- теміржол көлігімен 15,5 млн.тн
- құбыр желісімен 9,3 млн.тн
Мәліметтерге сәйкес, теміржол көлігі мен жүк тасымалын дамыту аясында:
1. «Шу станциясының» транзиттік паркіндегі төрт қабылдау-жөнелту жолын қалпына келтіру;
2. «Мойынты–Шу–Алматы» теміржол учаскесінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында, 2025 жылдың соңына дейін бұрын жұмыс істеген «Берлік-2» торап алды станциясын қайта жаңғырту;
3. «Түрксіб және Шығанақ» станцияларындағы бұрын жабылған жолдарды қайта ашу;
4. Сарышаған станциясындағы жұп бағыттағы жолдарды –қайта жаңғыртып, толық іске қосу;
5. «Түрксіб–Шу» теміржол желісі бойында жаңадан салынатын химия зауытына қызмет көрсететін Құмөзек атты жаңа станцияны іске қосу жоспарлануда.
Әуе көлігі саласында «Әулие-Ата» халықаралық әуежайы аумағында жалпы көлемі 330 шаршы метрді құрайтын 5 жүк қоймасы жұмыс істейді.
Алдағы уақытта:
- ТМД аумағындағы алғашқы онлайн сатып алуларды таратуға арналған хабты құру,
- «А» санатындағы жүк терминалын салу,
- поштаны қабылдау және сақтау қоймасын салу жоспарлануда.
Бұл шаралар облыс аумағындағы көлік логистика жүйесінің тиімділігін арттырып, жүк айналымын ұлғайтады, өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтеді.
Мемлекет басшысының Жолдауында көлік-логистика саласын одан әрі дамыту міндеті қойылды.
Бұл ретте, облысты дамыту жоспарымен алдағы 3 жылда, «АМАНАТ» партиясының сайлауалды платформасының бекітілген іс-шараларына сәйкес 580 шқ жергілікті маңыздағы автожолдарды жөндеу арқылы нормативті жолдардың үлесін 99% ұстап, 494 шқ көше жол желісін жөндей келе, көрсеткішті 93%-ға дейін арттыру көзделуде.
Оның ішінде: 360 шқ – облыстық маңыздағы; 217 шқ – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, 494 шқ – елді мекен көшелері.
Сіздің реакцияңыз қандай?