Семейде зағип жандарға арналған кітапхана ашылды
180 жылдық мерейтой қарсаңында Семейде зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған кітапхана ашылды. Бұл мәдени-әлеуметтік мекеме, еліміздегі өңірлік деңгейдегі ең ірі және заманауи инклюзивті орталықтың бірі.
Кітапхана қорында 10 мыңға жуық кітап бар. Ең бірінші Абайдың өлеңдері, қара сөздері және Абай жайлы жазылған шығармалар мен зерттеулер брайль қарпіне көшіріліп ұсынылған.
Жалпы Семей қаласында 1200-ден астам көру қабілеті төмен тұрғын бар. Енді сол азаматтар осы мекемеге келіп нүктелі бедерлі оқу жүйесін үйрене алады. Екі қабатты кітапхананың аумағы 850 шаршы метр.
Нысан ішінде коворкинг-аймақ, тифлология кабинеті, әртүрлі қосымшалар арқылы смартфон және компьютермен жұмыс істеуді үйрететін арнайы бөлмелер қарастырылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






