Елімізде ең төменгі базалық зейнетақы 28 мың теңге

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі зейнетақы мөлшері мен оның төлемдері туралы айтты. 

Елімізде ең төменгі базалық зейнетақы 28  мың теңге

Базалық зейнетақы барлық қазақстандықтарға беріледі, бірақ оның мөлшері еңбек өтіліне байланысты және 2024 жылы 28,2 мың теңге болып белгіленді. Бұл стандарт сома 10 жыл еңбек өтілі болуына байланысты өсе бастайды.

 

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 803 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 882,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 920,2 млрд теңге қарастырылды, делінген хабарламада. 

Қазақстанда 1 қазандағы есептеу бойынша зейнеткер саны 2 миллион 413 мың адамды құрап отыр. Орташа жиынтық зейнетақы  131 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 211 теңге, базалық зейнетақы – 42 599 теңге.

Айта кетейік, елімізде биыл 1 қаңтардан бастап белгіленген төлемдер мөлшері төмендегідей:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 43 407 теңге;

Ең төменгі зейнетақы - 57 853 теңге;

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow