Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер ұлғаяды
2026 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы, зейнетақы, базалық төлемдер, АЕК және күнкөріс минимумы жаңартылады. Президент қол қойған республикалық бюджетке сәйкес әлеуметтік төлемдер өседі. Жаңа мөлшерлер 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз қалады);
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге);
Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге);
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге);
Күнкөріс минимумы – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).
Бұдан бөлек, жасына байланысты және еңбек өтілі бойынша берілетін зейнетақы төлемдеріне 10% өсім қарастырылған.
Сондай-ақ мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) 2% көлемінде жарна аударуды жалғастырады.
Заң 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Еске салсақ, кеше, 8 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды.
Сіздің реакцияңыз қандай?