Жамбылдағы ауылдарды ауыз сумен қамтуға 15,4 млрд теңге бөлінді
Президент тапсырмасы бойынша қайтарылған активтер қаржысы есебінен Жамбыл облысы ауылдарын ауыз сумен қамтуға 15,4 млрд теңге бөлінді. Аймақта сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінде бұл Арнаулы мемлекеттік қор қаржысына 4 нысан салынды - деп хабарлайды jambylmedia.kz тілшісі.
Өзге 8 нысандағы құрылыс жұмысы жыл соңында аяқталмақ. Сапалы сумен қамтылғандар қатарында Жамбыл ауданындағы Қызылшарық, Жаңаөткел және Жұма ауылы бар.
Сондай-ақ Талас ауданы Қараой ауылында да су станциясы салынды. Енді шалғайдағы Шығанақ, Мыңарал және Құмөзек стансаларында, сондай-ақ Мойынқұм, Биназар және Бірлік ауылдарында су желілері жөнделуде.
Бұл бағыттағы жұмыс Сарысу ауданындағы Жайылма мен Маятаста және Қордай ауданы Қарасай батыр ауылында аяқталуға жақын. Айта кетейік, аймақтағы қалалар ауыз сумен 98%, ал ауылдар 99,3%-ға қамтылған.
Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?