Меркі ауданында 4 ауылда ауыз су жоқ

Ауыз су қол жетпес арманға айналды. Меркі ауданындағы 4 ауылда әлі күнге ішерге су жоқ. Құмарық, Қайыңдысай ауылы мен Шалдабар станциясында тіршілік нәрі мүлде болмаған. 

Меркі ауданында 4 ауылда ауыз су жоқ

Ал Сыпатай батыр ауылы топырақ пен тас аралас лай су ішіп отыр. Өйткені ауыз су желісі 60 жыл бұрын салынғандықтан әбден тозған. Сорғы станциясының құбырлары да жарамсыз жағдайға жеткен. Сондықтан су тазартатын фильтрі  екі күн сайын бітеліп қалады. Салдарынан 2 мыңға жуық тұрғын лас суды тұтынып отыр.

Тіршілік көзінен тарығып отырған ауыл тұрғыны Гүлдана Сейітқұлованың айтуынша, атқамінерлер су кіргізуге асықпайды. Инфрақұрылым жүйесі жолға қойылмағандықтан жарық та жиі өшеді.

«Не арықпен су келмейді, не үкіметтің құдығынан су ақпайды. Ақса да түбіне шелекпен тұндырып аламыз. Шелекпен аламыз түбінің бәрі қоқым тас болып тұрады. Судың құбырын ауыстыру керек. Кеңес үкіметінен бері ауылдағы ауыз су желісінде ешқандай жаңалау болмаған. Мектептерде жарық өшсе су да өшіп қалады» деді ауыл тұрғыны.

Ал аудан әкімдігі су жинақтайтын станцияны жөндеп жалыққан. Сондықтан былтыр жобасын әзірлеп, республикалық бюджетке өтінім берген. Биыл 4 миллиард теңге бөлініп,  5 ауылға ауыз су кіргізу жұмысы басталады.  Алайда алты ай бұрын тендерді ұтқан компаниялар бірін бірі сотқа бергендіктен жоба тоқтап қалған. 

«Соттың  шешімі биылғы жылы шыққан күннің өзінде жалпы жоба 2 жылға жоспарланған. Сондықтан сот болуына байланысты осы уақыттағы жүргізілмеген уақыттары есептеліп, соған қосылып жүргізілетін болады. Биыл енді мердігерін анықтасақ ақпан айының соңына қарай жұмыстар басталып кетеді» деді, Меркі ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Ербол Акек.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow