Түзеу мекемесіндегілер туыстарын құттықтады

Түзеу мекемесіндегілер туыстарын құттықтады

№59 мекемесінде сотталғандар 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай туыстарын құттықтады

1 наурыз – Алғыс айту күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №59 мекемесінде тәрбиелік маңызы бар іс-шара ұйымдастырылды.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарға мерекелік күн аясында скайп байланысы арқылы туыстарымен тілдесуге мүмкіндік берілді. Онлайн кездесу барысында сотталғандар ата-аналарына, отбасы мүшелеріне және жақындарына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.

Іс-шараның басты мақсаты – сотталған азаматтардың отбасымен байланысын нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және олардың қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал ету. Мұндай кездесулер жазасын өтеушілердің психологиялық көңіл-күйін тұрақтандырып, түзелу жолына түсуіне серпін береді.

Мекеме әкімшілігінің мәліметінше, алдағы уақытта да сотталғандардың әлеуметтік байланыстарын қолдауға бағытталған тәрбиелік шаралар жалғасын табады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow